2020 жылғы 20 сәуірде 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарының кейбір мәселелерін келісу бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Денсаулық сақтау саласындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бөлігінде инфекциялық аурулардың профилактикасы мен емдеудің ғылыми зерттеулері саласындағы кооперациялық жобаларды құруға; эпидемиялық әлеуеті бар инфекциялық ауруларды диагностикалау, профилактика және ден қою үшін кадрлық әлеуетті арттыру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға; үздіксіз медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға; жұқпалы аурулар қоздырғыштарының жаңа түрлері туралы ғылыми деректермен алмасу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған механизмдер қабылданды.
⠀
Аталған механизмдерді ағымдағы жылғы 23 сәуірде бейнеконференция форматында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қосымша шығару жоспарланып отыр.