
Бүгін Алматыда «Аңсаған сәби» мүсінінің және «New Generation Clinic» халықаралық репродукция орталығының ашылу салтанаты өтеді.
2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Аңсаған сәби» ұлттық жобасына бастамашылық жасағанынын естеріңізге сала кетейік. Осы бағдарлама бойынша жыл сайын экстракорпоралдық ұрықтандыруды (ЭКҰ) жүргізуге 7 мың квота бөлінеді, соның арқасында республикада 3 000-нан астам бала дүниеге келді.
Қазақстанда әрбір алтыншы отбасылық жұп бедеу екенін және бедеулік бойынша ресми статистика өсіп келе жатқанын ескере отырып, біздің мақсатымыз – репродуктивтік медицина саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды қолдау мен дамытудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аудару.
Елімізде репродуктивтік технологияларды жоғары деңгейде дамыту Қазақстандағы ЭКҰ негізін қалаушы Салтанат Байқошкарованың альтруизмі, сенімі мен идеясына берілгендігінің арқасында мүмкін болды. 1995 жылы 18 сәуірде ол «Экомед» атты шағын зертхана құрды, онда ЭКҰ әдісінің арқасында алғашқы қазақстандық қыз дүниеге келді.
«Аңсаған сәби» бағдарламасының шеңберінде «Экомед» клиникалар тобында үш жылдың ішінде 6534 әйел жоғары технологиялық көмек алып, 2500 мыңға жуық бала туды.
Жинақталған тәжірибені, сондай-ақ дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, жоғары сервисі мен емдеу нәтижелері бар «New Generation Clinic» (NGC) жаңа буынның халықаралық репродукция орталығы құрылды.
Клиникада жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, зертханалар әлемдік стандарттарға сәйкес жаңа жабдықтармен жабдықталған, әйелдер мен ерлер бедеулігін емдеуде ЭКҰ-ның барлық озық технологиялары енгізілген, бұл халықаралық көрсеткіштер деңгейінде жүргізілетін емдеудің жоғары нәтижелілігін қамтамасыз етеді.
Клиникаға кіре берісте Қазақстан халқының репродуктивтік денсаулығын жақсартуға бағытталған президенттік бағдарламаның құрметіне құрылған «Аңсаған сәби» мүсіні тұрғызылды.
Идея бойынша ол репродуктивтік медицина саласындағы қажырлы еңбек пен жетістіктерді білдіреді. Бұл ана алақанының нәресте композициясы репродуктивтік денсаулық саласындағы ғылыми жаңалықтар мен инновациялардың маңыздылығын білдіреді.
Ашылу салтанатында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ана денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова, «Экомед» және «New Generation Clinic» клиникаларының ғылыми жетекшісі, биология ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының құрметті мүшесі Салтанат Байқошкарова сөз сөйлейді.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Нұрлан Қаппаров көшесі, 392-үй, «New Generation Clinic».
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТАР:
Іс-шараны ұйымдастырушылар – «Экомед» клиникалар тобы
Жауапты тұлғалар:
+77017265551-Азамат Аманжолов; +77788863276-Әйгерім Асқарқызы. info@ngc.kz