
2023 жылғы 30-31 мамырда Астанада дерматология, косметология және эстетикалық медицинаның VIII Еуразиялық конгресі өтеді. Конгрестің мақсаты: тәжірибе алмасу, әлемдік тәжірибені талқылау, дерматовенерология мен эстетикалық медицинадағы диагностика мен терапияның инновациялық тәсілдері үшін әлемнің жетекші мамандарын біріктіру.
Конгрестің жұмысына әлемнің 15 елінен (АҚШ, Латвия, Германия, Ұлыбритания, Түркия, Хорватия, Черногория, Израиль, Өзбекстан, Қырғызстан, РФ, Украина, Грузия, Әзірбайжан) 70 спикер қатысады деп жоспарланған. Сөз сөйлеушілердің қатарында - ұлттық қоғамдар мен дерматовенерологтар мен дерматокосметологтар қауымдастықтарының президенттері, бас штаттан тыс мамандар, халықаралық қауымдастықтардың құрметті мүшелері, емдеу мен диагностиканың бірегей әдістемелерінің авторлары бар.
Делегаттар ретінде республикалық, облыстық және қалалық тері-венерологиялық диспансерлердің бас дәрігерлерін, дерматовенерология және дерматокосметология кафедраларының меңгерушілерін, Қазақстанның барлық өңірлерінен және Орталық Азия елдерінен келген дәрігерлерді, сондай-ақ басқа да мамандықтардың - жалпы практика дәрігерлерінің, педиатрлардың, стоматологтардың, онкологтардың, инфекционистердің және т. б. өкілдерін қоса алғанда, 300-350-ден астам маман қатысу жоспарлануда.
Конгрестің ғылыми бағдарламасының шеңберінде дерматовенерология мен эстетикалық медицинаның тақырыптық бағыттары талқыланады
Қазақстан Республикасында дерматовенерологиялық және дерматокосметологиялық қызметті жетілдіру, эпидемиологияның, клиниканың, терінің және оның қосалқыларының мультифакторлық және инфекциялық аурулары терапиясының қазіргі заманғы аспектілері талқыланатын болады. Сондай-ақ, талқылау күн тәртібінде - дерматоонкология, тері және оның қосалқылары ауруларының патоморфологиясы, тері ісіктерінің шағын хирургиясы, тері және оның қосалқыларының ауруларын диагностикалаудың инвазивті емес әдістері, трихология және трихоскопия, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың зертханалық диагностикасы және терапиясы, дерматокосметология және эстетикалық медицина.
Еуразиялық конгресс шеңберінде қатерлі және қатерсіз тері ісіктерін инвазивті емес байланыссыз диагностикалаудың жаңа әдісіне арналған Қазақстанның дерматоскопиясының III форумы ұйымдастырылады.