ҚАШЫҚТЫҚТАН АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСҚА ҚАУІПСІЗ БЕЙІМДЕЛУ

ҚАШЫҚТЫҚТАН АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСҚА ҚАУІПСІЗ БЕЙІМДЕЛУ

Қызметкерлердің жұмыс форматының күрт өзгеруі, сонымен қатар фирмалардың бизнес-модельдерін күтпеген жерден қайта құруы ұйымды ғана емес жекелеген қызметкерлерді де есеңгіретіп тастағаны жасырын емес. Өзін-өзі оқшаулау, жаппай қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшу, COVID-19 туралы жалған ақпараттардың көптеп тарауы жағдайында киберқауіпсіздік біліктілігі ерекше маңызға ие болады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрландыру кеңсесі цифрлық сауаттылық деңгейін тегін арттыруды ұсынады.
⠀
«Касперский зертханасы» «Пандемия кезіндегі өмір мен кәсіп қауіпсіздігі» атты тегін онлайн курс ұсынады. Курс осынау қиын сәтте қазақстандық ұйымдар мен ҚР азаматтарын барынша қолдауға бағытталған және цифрлық әлемде өзін сенімді сезінуге, індет туралы қажетті дағдылар мен білім алуға мүмкіндік береді.
⠀
Курс оқытудың бейімделу жүйесі негізінде жасалған. Ол өмірлік мысалдармен бекітілген теориялық материалдардан, бірнеше жауап нұсқаларынан және сенімділік дәрежесін анықтайтын үдемелігі бар (жүз пайыз сенімділік пен мүлдем білмеймін аралығында) тесттерден құрастырылған. Сабақ әрдайым сұрақтан басталады. Содан соң пайдаланушының тақырыпты түсінуіне негізделе отырып, жүйе теориялық материалды көрсетеді немесе жауаптар дұрыс болған жағдайда басқа тақырыпқа ауысады. Тест қорытындысы бойынша адаптивті технология материалды бекітіп, қайталауды ұсынады. Бұл ретте ақылды жүйе пайдаланушыға қиынға соққан тақырыптарға ғана тоқталады.
⠀
«Пандемия кезіндегі өмір мен кәсіп қауіпсіздігі» тегін курсын «Касперский зертханасы» оқытудың адаптивті саласындағы үздік компаниялардың бірі Area9 Lyceum-мен бірлесе әзірлеген. Курсты https://kas.pr/free-course сілтемесін басып, тіркелу арқылы өтуге болады.
⠀
КУРС ЕКІ МОДУЛЬДЕН ТҰРАДЫ
⠀
Біріншісі пандемия кезіндегі физикалық қауіпсіздікке арналған. Ол коронавирустың қауіп деңгейін, ауырып қалу немесе айналаңдағыларға жұқтыру қаупін азайту үшін өзіңді қалай ұстау керектігін зерттеуге көмектеседі. Сондай-ақ сабақ аурудың алдын алу әдістері мен коронавирустық инфекциялар тобымен байланысты стереотиптер туралы ақпараттарды қамтиды. Модуль медицина және биология саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен әзірленген. Авторы Верона университетінің медицина ғылымдарының докторы, клиникалық биохимия профессоры Джузеппе Липпи. Модульдің рецензенттері — доктор Нил Андерсон, Блейк Бьюкен, Пинг Ванг.
⠀
Екінші модуль қашықтағы жұмысқа қауіпсіз бейімделуге және кеңседегі жүйелік әкімшінің көмегінсіз киберсауаттылықты арттыруға көмектеседі. Сабақ қорытындысы бойынша сандық сауаттылығы жоғары емес, тіпті бұрын қашықтан мүлдем жұмыс істемеген пайдаланушылар өзіне үйден барынша қауіпсіз жұмысты ұйымдастыра алатындай етіп құрастырылған. Модуль киберқауіпсіздіктегі ең маңызды базалық дағдыларды дамытуға көмектеседі: қауіпсіздікті сақтау қабілеті жоғары құпия сөздерді құрастыру мен оны сақтау, Дербес компьютердегі бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін уақытылы жаңартып тұру, қорғалған корпоративті поштаны қолдану, қауіпсіз WiFi желісіне қосылу және т.б.
⠀
Қазақстандықтар үшін қашықтықтан қауіпсіз жұмыс істеу туралы қосымша ақпаратты келесі сілтемеден табуға болады: https://kas.pr/stayhome