Хабарландыру

Хабарландыру

ТӘЖІКСТАННАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕККЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДАҒЫ ТАБЫСТЫ ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРДЕЛЕЙДІ


 2023 жылғы 22 мамыр
БҰҰ ғимараты, Байзақов көшесі, 303
Алматы, Қазақстан
Баспасөзге шығу 11.00-ге жоспарланған
 
2023 жылғы 22-25 мамыр аралығында Тәжікстаннан вице-министрлер Шодихон Джамшед пен Сарвар Курбониен кіретін жоғары лауазымды делегация ДДҰ-ның МСАК бойынша демонстрациялық платформасына қатысады. Бұл өткен жылдың қараша айында МСАК мультидисциплинарлық моделі саласындағы табысты тәжірибені зерделеу үшін Қазақстанның екінші сапары. Бұл жолы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қаржы министрлігінің өкілдері, дәрігерлер, МСАК және отбасылық медицина орталықтарының басшылары, сондай-ақ денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мамандары әлеуметтік қызметті МСАК-пен интеграциялаудағы Қазақстанның тәжірибесін, сондай-ақ МСАК-ты қаржыландырудың жаңа тетіктерін зерделейтін болады. МСАК-қа Инвестициялар денсаулық сақтау жүйесі тұрақтылығының және медициналық қызметтерді экономикалық тиімді тәсілмен ұсынудың негізгі факторы болып табылады, бұған басқа елдердің тәжірибесі дәлел бола алады.
Сапар дөңгелек үстелден басталады, онда Қазақстан мен Тәжікстандағы МСАК дамуының негізгі бағыттары талқыланады. Сондай-ақ, еуропалық өңірдегі МСАК-тың үздік тәжірибелері ұсынылады. Дөңгелек үстелге Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің, Тәжікстан Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, Алматы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының өкілдері және ДДҰ-ның МСАК жөніндегі Еуропалық офисінің командасы қатысады.
ДДҰ-ның демонстрациялық платформасы - ДДҰ Еуропалық бюросының инновациялық өнімі екенін естеріңізге сала кетейік. МСАК-тың алғашқы демонстрациялық платформасы 2022 жылдың наурыз айында Алматы облысының Есік қаласында Еңбекшіқазақ ауданаралық көп бейінді ауруханасының базасында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ашылды.
Тәжікстан делегациясының жоғары деңгейдегі сапары - ДДҰ-ның МСАК бойынша демонстрациялық платформаға төртінші сапары. Бұған дейін Қазақстанның озық тәжірибесін Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген делегациялар алған болатын. 2023 жылы Армениядан делегация оқуға келеді деп жоспарлануда.
Спикерлер:
 Шодихон Джамшед  -Денсаулық сақтау министрінің әлеуметтік қорғау жөніндегі орынбасары, Тәжікстанның Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Сарвар Курбониен - Қаржы министрінің әлеуметтік саладағы бюджеттік жоспарлауды үйлестіру жөніндегі орынбасары, Тәжікстанның қаржы министрлігі.
Тимур Сләмжанұлы Сұлтанғазиев - Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.
Ақтаева Ләззат Мейрашқызы - Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Ілияс Мұхамеджан -ӘлМСҚ (әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры) төрағасының орынбасары.
Жәмила Санаққызы Әбеуова - Алматы облысы, Есік, Еңбекшіқазақ көп бейінді ауданаралық ауруханасының директоры.
Мелитта Якаб - ДДҰ Еуропалық МСАК орталығының басшысы