САРАПШЫЛАР ІШЕКТІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ МЕН ЕМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАЙДЫ

САРАПШЫЛАР ІШЕКТІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ МЕН ЕМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАЙДЫ

2023 жылғы 18-20 мамыр аралығында Алматыда гастроэнтеролог дәрігерлердің, (ересектер, балалар), колопроктолог-хирургтардың, инфекционистердің, терапевттердің, жалпы практика дәрігерлерінің, эндоскопист дәрігерлердің, сәулелік және функционалдық диагностика дәрігерлерінің қатысуымен ішектің қабыну аурулары бойынша VII ұлттық форум өтеді.
Форум бағдарламасы шеңберінде  ІҚА пәнаралық тобының құрамындағы диагностика, сараланған диагноз және менеджмент мәселелерін  талқылау жоспарлануда.
Сондай-ақ, жас ғалымдар ішек патологиясын дәрі-дәрмекпен және нутриттік түзетудің заманауи тәсілдері, ІҚА және асқазан-ішек неоплазиясы аспектісіндегі диагностикалық және емдік эндоскопиялық технологиялар сияқты тақырыптарды көтереді.
 Форум алаңында педиатриялық және инфекциялық сессиялар, сондай-ақ республикалық колопроктологтар мектебі мен эндоскопиялық мастер-класс жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, «ІҚА диагностикасы және емдеу саласындағы үздік маман» және «ІҚА диагностикасы мен емдеу саласындағы үздік тәлімгер» конкурстарының нәтижелері жарияланады.
Іс-шараны ұйымдастырушылар - С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ және Қазақ ішек ауруларын зерттеу жөніндегі ғылыми қоғамы.