Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалар суреті байқауы

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалар суреті байқауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалар суреті байқауын өткізеді! Бізге қосылыңыз және «Донор – бұл ержүрек адам!» тақырыбында өз шығармашылығыңызбен бөлісіңіз. Байқауға 3 пен 12 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Суреттер 2023 жылдың 21 мамырына дейін қабылданады. Әр жас тобы бойынша жеңімпаздар анықталады. Қатысыңыз және сыйлықтар ұтып алыңыз! Байқау барысын біздің әлеуметтік желілерімізде - https://instagram.com/transplant.kz сілтемесі бойынша қадағалаңыз.