
ҚР-ДА БАЛАЛАР ОНКОГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ 30 ЖЫЛ
Алматыда, 2023 жылғы 11-12 мамырда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен "Қазақстан педиатрлар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Балалар онкогематологиялық қызметінің дамуына 30 жыл: Жетістіктер мен перспективалар" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Форумға қатысушылар балалардағы ісіктерді диагностикалау мен емдеудің өзекті проблемаларын, халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуды, балалардағы онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу қажеттілігі туралы ескерту мақсатында күш-жігерді біріктіруді талқылайды.
Конференцияны өткізу форматы: аралас (онлайн/офлайн).
Дүние жүзіндегі онкологтар мен гематологтар өздеріне ең маңызды міндеттердің бірін қояды, ол онкологиялық аурулары бар балалардың өмір сүру ұзақтығын арттыру және осы аурулардың көпшілігін бүгінде емдеуге болатынын көпшілікке жеткізу болып табылады.
Конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Валентин Герейн атындағы қордың негізін қалаушы - Валентин Йосифович Герейн 10 шет елден келген балалар онкологиясы мен гематологиясы саласындағы жетекші мамандар, Астана және Алматы қалаларындағы екі республикалық ғылыми орталық, облыстық онкологтар мен гематологтар, оның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері, үкіметтік ұйымдар, ата-аналық қоғамдардың өкілдері қатысады.
Балалар обырын, қан ауруларын емдеу саласындағы өзекті тақырыптардың кең ауқымы талқыланады.
2 күндік конференцияның шеңберінде балалар онкологиясы мен гематологиясының басым бағыттары бойынша жұмыс топтарының пленарлық және секциялық отырыстары өтеді.
Тіркелу үшін QR кодын пайдаланып конференцияның веб-платформасына өтуге болады. QR кодын пайдаланып кіру нұсқаулығы слайдерде орналастырылған.
Егер QR кодын сканерлеу мүмкін болмаса, сіз мына сілтеме бойынша тіркеле аласыз: hematooncology.online
Өтетін орны: Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 36/Қонаев к-сі, 173, T he Dostyk Hotel.
Қосымша ақпарат алу үшін тел.+7 707 815 18 33,
Назира Жұмақұлова, ПБХҒО баспасөз хатшысы
e-mail: nazira_inform@mail.ru