Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!

7 мамыр - Отан қорғаушы күні мерекесімен жауынгерлік кезекшілікті қайсар атқаратын, Отанымыздың шекарасын күзетуде, қазақстандықтар үшін қауіпсіздік пен бейбіт аспанды қамтамасыз ететін барлық әскери қызметшілерімізді шын жүректен құттықтаймын.

Бұл күні біз планетаның "қызу" нүктелерінде қызмет еткен, өз Отанына қызмет етуге әскери ант берген жауынгерлердің барлығына алғыс білдіріп, құрмет көрсетеміз.

Біздің армия контингентінің денсаулығын сақтау үшін барлық күш-жігері мен білімін жұмсайтын әскери дәрігерлеріміздің қажымас және маңызды еңбегін ерекше атап өткім келеді.
Әрбір Отан қорғаушыға зор денсаулық, отбасылық амандық, ашық бейбіт аспан, табыс пен сарқылмас қайрат тілеймін!