ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Т. СҰЛТАНҒАЗИЕВ ҚЫТАЙЛЫҚ «BGI GROUP» КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ Т. СҰЛТАНҒАЗИЕВ ҚЫТАЙЛЫҚ «BGI GROUP» КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Астанада екіжақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қытайлық «BGI Group» компаниясының негізін қалаушы Ван Цзян мырзамен кездесті.

Вице-министр Қытай Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы маңызды стратегиялық әріптесі болып табылатынын атап өтті. Қазіргі уақытта осы саладағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы екі ел үкіметтерінің арасында жасалған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Қытай делегациясының өкілдері кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірқатар басым бағыттарды талқылады.

BGI Group 1999 жылы Қытайдағы адам геномын декодтау жобасына қатысу үшін құрылғанын айта кету керек. Адам геномының 1% декодтаудан бастап, компания 20 жылдың ішінде Азия мен әлемдегі жетекші ғылыми және медициналық компанияға айналды. Сонымен, Nature журналының 2022 жылғы индексіне сәйкес, BGI компаниясы 7 жыл бойы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Life Science компаниялары арасында 1 орынды және әлемдегі Life Science корпорацияларының арасында 8-орынды иеленді. Компанияның негізін қалаушы - Ван Цзян - ғалым, кәсіпкер және бизнес көшбасшысы, ол Қытайдағы және бүкіл әлемдегі өмір туралы ғылымдарды өзгертуге көмектесті.

Соңында тараптар денсаулық сақтау саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығын жандандыруға келісті.