
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.
Өңірде ол облыс әкімімен кездесіп, Теректі аудандық ауруханасына баруды жоспарлап отыр.
Бұдан әрі сапардың бірінші күнінің бағдарламасы өңірдің тұрғындарымен және азаматтық секторымен кездесумен, азаматтарды жеке қабылдаумен және республикалық және облыстық БАҚ журналистеріне арналған брифингпен аяқталады.
Сапардың екінші күні министр облыстың медициналық ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізуді, үкіметтік емес ұйымдармен кездесуді және Облыстық онкологиялық диспансердің жұмысымен танысуды жоспарлап отыр.