Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары денсаулық сақтау қызметкерлерін қаржылай қолдау мақсатында, коронавирусқа қарсы іс-шараларға тікелей қатысып жүрген денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне арналған үстемақының мөлшерін анықтайтын комиссия құрады.
Комиссия арнайы топтарға арналған үстемақының көлемін есептейді.
Ашық жұмыс істеу мақсатында комиссия құрамына аймақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «Nur Otan» партиясының, кәсіподақтардың өкілдері кірді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімінің орынбасарлары комиссия төрағасы ретінде тағайындалды, ал облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мемлекеттік денсаулық сақтау органдарының лауазымды өкілдері комиссия төрағасының орынбасары болады.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардағы КВИ қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу жөніндегі жергілікті комиссиясының толық тізімімен мына сілтемеге өтіп таныса аласыздар:
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/26871?lang=ru