
«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми–практикалық орталығы» филиалы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп. Еуропалық иммундау апталығына орайластырылған «Иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері» атты жыл сайынғы республикалық конференция өткізді.
Конференцияның жұмысына Қазақстандағы ДДҰ елдік офисінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (СЭБК) өкілдері, жетекші ғалымдар, эпидемиологтар, вирусологтар, инфекционистер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары бөлімдерінің, КСЭК ҰСО аумақтық департаменттері мен филиалдарының басшылары қатысты.
Конференция барысында вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуал, иммунопрофилактикаға қол жеткізу, иммунопрофилактиканы іске асырудағы, оның ішінде COVID-19 пандемиясы жағдайындағы жаңа аспектілер мен проблемалар талқыланатын болады.
2023 жылғы 23-29 сәуірден бастап ДДҰ Еуропалық өңірі аурулардың профилактикасы және өмірді қорғау үшін иммунидаудың маңыздылығы туралы хабардар болу үшін Еуропалық иммундау апталығын (ЕИА) атап өтеді. Биылғы науқан әлемде COVID-19 пандемиясына байланысты вакцинациялау көрсеткіштерінің төмендеуі байқалған уақытта вакцинаны пайдалануды жақсартуға бағытталған.
Жыл сайын бұл іс-шараға барлық континенттердегі 180-ден астам ел қатысады. Вакцинациялау - денсаулық сақтаудың ең үлкен жетістіктерінің бірі. Ол бүкіл әлемде инфекциялармен күресудің ең тиімді, үнемді және қолжетімді құралы ретінде танылды.
2023 жылы жаһандық иммундау тақырыбына сәйкес ЕИА-ның "Ауқымды иммундау" келесі негізгі хабарламаларға назар аударады:
«Әрбір доза маңызды» — әрбір доза сізді және сіз жақсы көретін адамдарды қорғауда маңызды.
«Вакцинациялау туралы айтыңыз» - вакцинациялау туралы әңгімелесу түсінуге ықпал етеді және ұсынымдарды сақтауға ынталандырады. «ДДҰ-ның 75 жылдығы» - иммундаудағы жетістіктерге қайта оралу және оларды болашақта вакциналармен байланысты барлық артықшылықтарға уәждеме ретінде пайдалану мүмкіндігі.