
Семинар ҚХР-дағы COVID-19 салдарынан болатын пневмонияны диагностикалау және емдеу әдісі, сондай-ақ COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілінген, дене қызуы жоғары пациенттерді қарау және анықталған диагнозды емдеу процедурасына арналды.
⠀
Екі презентация аяқталғаннан кейін талқылау басталды, қазақстандық дәрігерлер қонақтарға сұрақтар қойды. Семинарға Қазақстанда коронавирусты инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеп жүрген 700 жуық дәрігер қатысты.
⠀
Он бес күндік сапар аясында күн сайын түрлі семинар ұйымдастырылады. Мысалы, жақын күндері мынадай тақырыптарда семинар өтеді: зертханалық зерттеу нәтижелерін түсіндіру; пациенттерге клиникалық күтім жасау; медицина қызметкерлерінің жұқтыру қаупін төмендету; жеңіл және орташа ауыр дәрежедегі пациенттерді емдеу; жағдайы ауыр науқастардың жағдайын талқылау; диагностика және емдеу бойынша ұсынымдар беру; COVID-19 алдын алу мен бақылаудың ұлттық және муниципалдық деңгейдегі Қытай механизмін таныстыру, «Төрт ерте, төрт шоғырлану» қағидатын егжей-тегжейлі талдау; эпидемиологиялық зерттеу жүргізудің өлшемдері мен тәртібін, сондай-ақ жақын байланыста болғандарды анықтау және оқшаулау тетіктерін таныстыру.
⠀
Онлайн семинарларға қосылу үшін Қазақстандағы мүдделі дәрігерлерге күн сайын сілтеме таратылады.
⠀
Қытайлық дәрігерлер семинарлардан басқа, жетекші медициналық университеттерге, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларындағы көпбейінді және жұқпалы аурулар ауруханаларына, емханаларға барады.
⠀
Ертеңнен бастап коронавирустық инфекциямен күресіп жүрген, интенсивті терапия, қоғамдық денсаулық сақтау мамандары, пульмонологтар, инфекционистер, нефрологтар, ауруханалардың орта медициналық қызметкерлері үшін тренингтер сериясы өтеді.