
БАҚ-ты қазақстандық дәрігерлер үшін омыртқа мен жұлын патологиясын емдеудегі жаңа үрдістерге арналған тегін мастер-класына шақырамыз. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері, профессор Серік Макировтың мастер-класының шеңберінде сіз бұл мәселенің әлеуметтік-экономикалық салдары мен жаңа медициналық инновациялар туралы біле аласыз. Қосымша спикер - Н.Ж. Батпенов атындағы ТОҰҒО директоры Олжас Бекарысов.
Мастер-класс 20 сәуірде сағат 9:00-де Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығында өтеді. Тіркелу үшін академик Н.Ж. Батпенов атындағы ТОҰҒО-ның баспасөз қызметіне + 7 705 504 55 59 нөмірі бойынша хабарласыңыз.