
Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау өкілдері Жамбыл облысында медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) көрсету бойынша үздік практикалар орталықтарын енгізудің озық тәжірибесін зерделеу және практикалық тәжірибе алмасу мақсатында болды.
10-11 сәуір аралығында екі күндік оқу туры барысында делегация Меркі аудандық орталық ауруханасына барды, онда өңірдегі алғашқы үздік практикалар орталығы, сондай-ақ Сурат және Сарымолдаев дәрігерлік амбулаторияларының базасындағы шағын орталықтар орналасқан.
Делегацияны оқыту шеңберінде теориялық сабақтар, мастер-класс өткізілді және МСАК мамандарының мультидисциплинарлық командаларының жұмысына озық технологиялар мен медициналық-әлеуметтік тәсілдерді енгізудің ағымдағы жетістіктері ұсынылды.