АҢДАТПА

АҢДАТПА

АКАДЕМИК Е.Д. ДАЛЕНОВ атындағы ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ АШЫЛУЫ

 

2023 жылдың 6 сәуірінде Астана медицина университетінде Ерболат Дербісәліұлы Дәленов атындағы "Профилактикалық медицина" ғылыми-зерттеу институтының салтанатты ашылуы өтеді.

Сонымен қатар, осы шара аясында академик Е. Д. Дәленовты еске алуға арналған конференция ұйымдастырылмақ.

Конференцияның мақсаты: академик Е. Д. Дәленовты еске алу.

Өтетін орны: Астана қ., Бейбитшилик к. 49 A

Конференцияны өткізу форматы: офлайн

Басталу уақыты: 14.30  сағат

Конференция жұмысына Қазақстандық мемлекет және саяси қайраткер Қ. Көшербаев, м.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА академигі, Қазақ тағамтану академиясының президенті Т. Шарманов, нейрохургия орталығының директоры С.К. Ақшолақов, "Цеснабанк" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Н.И. Мещеряков, ҚР ҚМ Бас әскери-клиникалық госпиталінің дәрігері Г. Ж Айдаров, ҚР ҚМ Бас әскери-клиникалық госпиталінің дәрігері Г.Т. Байділдаева қатысады.

 

Ерболат Дербісәліұлы Дәленов - Қазақстан Республикасы профилактикалық медицина академиясының және валеология академиясының, Нью-Йорк Ғылым Академиясының Құрметті академигі, Қазақстан Республикасы Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, профилактикалық медицина және нутрициология кафедрасының меңгерушісі, профилактикалық медицина институтын құрудың бастамашысы.

 

Қосымша ақпарат бойынша телефон нөмірлері:

 +7 701 024 44 46, Айгерим Баймагамбетова, Қоғамдық денсаулық және менеджмент мектебінің деканы;

+7 707 823 70 70 Айгерім Садыбек, баспасөз қызметінің маманы

e-mail: corpsite@amu.kz