А. ҒИНИЯТ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРЛЕРІМЕН БІРҚАТАР ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

А. ҒИНИЯТ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРЛЕРІМЕН БІРҚАТАР ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысы медициналық ұйымдарының басшыларымен халыққа медициналық көмек көрсетудің негізгі бағыттары талқыланған, кадр саясаты, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стандарттарды сақтау бөлігінде барынша проблемалы учаскелер анықталған кеңес өткізді.

Өңірдің денсаулық сақтау саласының бірқатар негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда оң динамиканы көрсетсе де, назар аударуды және басқарушылық шешімдер қабылдауды талап ететін көптеген проблемалық мәселелер қалып отыр.

Бұл ана мен бала денсаулығын сақтау саласында, қанайналым жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттар және хирургиялық араласулар кезінде медициналық көмекті ұйымдастыруға қатысты.  

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің айтуынша, Қарағандыда қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,3% - ға айтарлықтай төмендеген. Алайда, ол кардиоқызмет жұмысындағы бірқатар кемшіліктерді, атап айтқанда, инвазивті емес диагностикалық жабдықтар паркінің тапшылығын, жүрек  функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерге арналған кабинеттердің шектеулі санын, қоса атқаруда толық жұмыс істейтін кардиологтармен жасақталғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол Қарқаралы ауданының АОА, Осакаров ауданының АОА Б аймағында орналасқан халыққа арналған ТКА орталықтарының жеткіліксіздігіне, жүзеге асырылған коронарографиялар мен жүрек тамырларын стенттеудің жоспарлы тәртіппен төмендеуіне назар аударды.

Инсульт кезінде медициналық көмек көрсету бөлігінде ишемиялық инсультпен ауыратын ациенттерге жүргізілген жүйелі тромболиздің төмен үлесі байқалады.  В. Дудник пациенттерді диспансерлеу, инсульттің бастапқы және қайталама профилактикасы бойынша МСАК  терапевттері, ЖПД деңгейіндегі әлсіз жұмыс үйде  болатын жоғары өлім-жітімнің себебі болып табылатынын атап өтті.

Ол стационарлық деңгейде тромболитикалық терапияның төмен деңгейі, нейрохирургиялық белсенділіктің жеткіліксіздігі, невропатологтардың жетіспеушілігі немесе болмауы сияқты кемшіліктер бар екенін атап өтті.

Онкологиялық көмек көрсету деңгейіне келетін болсақ, мұнда аурудың 0 - I-ші сатысында онкологиялық ауруларды анықтаудың жоғары үлесі байқалады, бұл – 31,8%-ды құрайды, тиісінше көзге көрінетін жердегі қатерлі ісіктерінің дамыған жағдайларының деңгейі төмендеді. Өңірлік онкологиялық қызметтің жұмысындағы негізгі проблемалардың қатарына кадрлардың тапшылығы, МСАК ұйымдарын диагностикалық жабдықтармен жеткіліксіз жарақтандыру және төсек қорын кеңейту үшін онкологиялық орталықтың жаңа корпусын салу қажеттілігі жатқызылды.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың 12 айында аумақтық департаментке барлығы 694 өтініш келіп түскен, оның ішінде 451 өтініш қаралып, 266 өтініштің негізінде тексерулер тағайындалған. Ол өткен жылмен салыстырғанда өңірде келіп түскен өтініштер санының 22,2%-ға өскенін, 2022 жылы жоспардан тыс тексерулер саны 30,4%-ға өскенін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрі медициналық ұйымдарының тарапынан жол берілген бірқатар өрескел заң бұзушылықтар бойынша сын айтты.

А. Ғиният Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына лицензия мен сертификаттардың болуы, медициналық көмек көрсету стандарттарының сақталуы бөлігінде негізгі салалық талаптарды бұзатын бірқатар медициналық ұйымдарды бақылауға алуды тапсырды.

Министр клиникалық хаттамаларды сақтау және жүзеге асырылып жатқан қызметті талдау бөлігінде хирургиялық көмекті стандарттауда әдіснамалық көмек көрсету үшін республикалық ҒЗИ мамандарын шақыруды ұсынды.

«Орындалған Мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде құтқару пункттерінің жұмысын, олардың қандай деңгейде екенін, жабдықтары бар-жоғын талдау қажет, ІІМ-мен бірлесіп бұл жұмысты жүргізу қажет. Әрбір медициналық ұйымның рөлі көрсетілетін өңірдегі медициналық көмек көрсету саласындағы жағдайды жақсарту жөніндегі қадамдық іс-қимыл жоспарын қабылдаңыздар. Пациенттермен жұмыс бөлімін құрыңыздар, осы қызметтердің жұмысын ашып,  реттеңіздер, қызметкерлерді үнемі оқытумен айналысыңыздар», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы облыстың бас дәрігерлерімен кездесуді қорытындылай келе.

Кеңес жұмысына Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, СЭБК, МФБК аумақтық департаменттерінің, өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары қатысты.