ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ А.ҒИНИЯТ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ А.ҒИНИЯТ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін Павлодар облысының тұрғындарымен және азаматтық секторымен кездесу өткізді, оның барысында тұрғындарды медициналық көмекті жақсарту жөніндегі ведомство тарапынан шаралар туралы хабардар етті.

Сапар қарсаңында министр облыс әкімі Асаин Байхановпен кездесу өткізді, оның барысында өңірлік денсаулық сақтау саласын дамыту перспективалары, Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде қойылған медициналық көмектің сапасын арттыру жөніндегі міндеттерді бірлесіп іске асыру талқыланды.

Бүгін жұртшылықпен кездесу барысында Ажар Ғиният медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында медициналық қызметтерді қамтуды кеңейту және қолжетімділікті қамтамасыз ету, ауылдық денсаулық сақтауды дамыту, жоғары технологиялық мамандандырылған медициналық көмек көрсету, ана мен бала денсаулығын сақтау және басқаларын қоса алғанда денсаулық сақтауды дамытудың бірқатар басым бағыттарын атап өтті.

Министр атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медициналық алғашқы көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау үшін халықтың, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратын халықтың кең ауқымына, ұтқырлығы мен қолжетімділігі жағынан МСАК-тың қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Ол 2022 жылы 9 жаңа қалалық емхана мен амбулатория, оның ішінде Павлодар облысында 1 емхана пайдалануға берілгенін хабарлады. Биыл халық талап ететін медициналық қызметтерді қашықтықтан көрсету бойынша жұмыс күшейтілетін болады. Амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету тізбесін ұлғайту жағына қарай қайта қарау жоспарлануда, республика бойынша халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту 3,8 млн. астам адамды құрайды.

Министр соңғы екі жылда медициналық көмектің көлемін ұлғайтуға қол жеткізілгенін, атап айтқанда консультациялық-диагностикалық қызметтердің саны 1,5 есеге ұлғайғанын, бұл ауруларды ерте диагностикалаудың қолжетімділігін арттыруға және халықтың денсаулық сақтауға жұмсайтын жеке шығыстарын азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұдан әрі Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ағымдағы жылы 309 ауылдық МСАК объектісін салуды көздейтін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасын іске асыру, оның 12-сі Павлодар облысында екені туралы айтып берді.  Жаңғырту бағдарламасы шеңберінде «Алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсете алатын, сондай-ақ ірі қалаларға, оның ішінде телемедицина және қашықтықтан медициналық қызметтер арқылы бару қажеттілігінсіз мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсете алатын 11 ауданаралық орталық аудандық ауруханаларға күрделі жөндеу және реконструкция жүргізу көзделген.

Мамандандырылған кардиохирургиялық және кардиологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ҚР -да 2022-2023 жылдарға арналған қанайналым жүйесінің аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі жол картасы бекітілді және іске асырылуда.

«Республикада 75 инсульт орталығы, оның 4-і 2022 жылы ашылған, 41-і жедел коронарлық синдромы бар науқастарға көмек көрсету үшін тері арқылы коронарлық араласу орталығы жұмыс істейді. Павлодар облысында 4 инсульт орталығы және 1 ТКА орталығы жұмыс істейді. 2023 жылы 2 деңгейдегі 8 инсульт орталығы мен 4 ТКА-орталық, оның ішінде Павлодар облысында 1 ТКА-орталық ашу жоспарлануда», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Облыс тұрғындарын репродуктивті денсаулық бағдарламалары туралы хабардар ете отырып, министр 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылғанын еске салды.  Осы бағдарламаның шеңберінде 2022 жылы Павлодар облысында 281 квота бөлінді, 86 әйелде жүктілік болды, бүгінгі таңда 35 отбасы бала сүю бақытына ие болды.

Саланы кадрлармен қамтамасыз ету бөлігінде, А. Ғинияттың айтуынша, дәрігерлердің Павлодардағы қажеттілігі 149 штат бірлігін, орта медицина қызметкерлерінің қажеттілігі – 80 штат бірлігін құрайды. 2022 жылы өңірлерге медициналық жоғары оқу орындарының 1 809 түлегі, оның ішінде Павлодар облысының 122 түлегі, оның ішінде ауылға 17 түлегі бөлінді.

Ол дәрігерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, оның ішінде өте тапшы мамандықтар бойынша 2022 жылы республикалық бюджет есебінен 4700 білім беру гранты бөлінгенін, оның ішінде 1500 резидентура гранты, Павлодар облысында 141 грант бөлінгенін, жергілікті әкімдік желісі бойынша 274 грант бөлінгенін атап өтті.

Министр МӘМС жүйесін іске асыруға және елдегі медициналық көмекті қаржыландыруды ұлғайту жөніндегі шараларға жеке тоқталды. Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған адамдардың саны республика бойынша 16,3 млн.адамды немесе ел халқының 82,4%-ын құрайды. Павлодар облысында МӘМС жүйесінде 621 мың адам немесе 82,3% сақтандырылған.

Өткен жылы МӘМС есебінен алынған қосымша қаржы қаражаты бұрын қаржыландыру тапшылығын бастан өткерген бағыттарды дамытуға жұмсалды. Сондықтан профилактикалық тексерулерді қаржыландыру көлемі 2 есе, медициналық консультациялық-диагностикалық қызметтер мен оңалту 1,5 есе, стационарлық көмек 1,2 есе, жоғары технологиялық медициналық көмек 2,2 есе ұлғайды.

А. Ғиният 2023 жылы медициналық қызметтерді қаржыландыруды 11%-ға 2 трлн-ға дейін ұлғайту жоспарланғанын атап өтті.   488 млрд. теңге, оның ішінде ТМККК шеңберінде 1 трлн. теңге, МӘМС шеңберінде 405 млрд.теңге – 1 трлн. 83 млрд.теңге көзделген.

Сонымен қатар, біз медициналық көмектің басым бағыттары бойынша тарифтерді қайта қараймыз, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің және МӘМС қаржылық ағындарын медициналық көмектің тізбесін нақты ажырата отырып, бірыңғай пулға біріктіруді жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.

Бұдан әрі Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы кездесуге қатысушылардың тарапынан ең ауыр мәселелер бойынша түсініктеме берді. Олар медициналық көмектің, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің, кадр тапшылығының, әсіресе арнайы бейінді мамандардың қолжетімділігіне қатысты болды. Мәселелердің бірі мүгедек балаға оңалту көмегін алуға және республикалық орталықтарға кезектілік проблемасына қатысты болды.

«Ұлттық балаларды оңалту орталығына кезекке келетін болсақ, елдегі мұндай орталық жалғыз және неврологиялық патологиясы бар балалар үшін көбірек есептелгенін атап өткім келеді. Орталықта шетелде оқытылған мамандардың көпбейінді тобы кешенді көмек көрсетеді. Психологтар, логопедтер, педагогтар - ұстануға тиісті ұсынымдар беретін көпбейінді топтың құрамы. Қамқорлық бастамасы шеңберінде  өңірлерде оңалту орталықтары, оның ішінде әлеуметтік қорғау жүйесі арқылы аутизмі бар балаларды оңалту орталықтары белсенді ашылуда. Облыс әкімдігі оңалтудың қолжетімділігі мен уақтылығын қамтамасыз ету үшін өңірде осы орталықты тезірек ашу үшін күш салуы қажет», - деп түсіндірді А.Ғиният өз жауабында.

Қазір Денсаулық сақтау министрлігі «Қамқорлық» қорымен бірлесіп аудандық ауруханаларда да оңалту орталықтарын ашатынын, қызметкерлерді жабдықтармен қамтамасыз ететінін және оқытататынын, өйткені оңалту күнделікті болуы керектігін атап өтті. Ақсуда осындай орталықты ашу үшін оны Жол картасына енгізу қажет, деп қосты министр.

Министр кездесу барысында қойылған әрбір сұраққа толық жауап берді, сондай-ақ ведомствоның бейінді департаменттеріне шешімдерді пысықтауды тапсырды.

Азаматтардың жеке қабылдауында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы көмек көрсетуді және әрбір өтініш бойынша түсініктеме беруді тапсырды. Сұрақтар сирек кездесетін аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсету, мүгедектік беру, күрделі созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету мәселелеріне қатысты болды.

Коммуникациялар қызметінің өңірлік алаңында Ажар Ғиният жергілікті және республикалық БАҚ журналистерінің сұрақтарына жауап берді.

Брифинг барысында шалғай аудандардың тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, онкологиялық көмек туралы бірқатар сұрақтар қойылды.