
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Павлодар облысына жұмыс сапары шеңберінде бүгін құрамында нейрохирургтер, травмотологтар, ортопедтер, кардиологтар, пульмонологтар, онкогематологтар, гастроэнтерологтар (гепатологтар), акушер-гинекологтар, рентгенологтар, онкологтар, инфекционистер бар «Астана медицина университеті» АҚ, Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ және «ҮМІТ» халықаралық томотерапия онкологиялық орталығының жоғары дәрежелі мамандар бригадасы Екібастұз және Ақтау спутниктік қалаларына барды.
Арнайы бейін мамандары қалалық медициналық ұйымдардың базасында Екібастұз, Ақтау қалаларында жергілікті халықтың денсаулық жағдайына дәрігерлік қабылдаулар мен диагностика жүргізеді, сондай-ақ медицина персоналына қажетті әдіснамалық көмек көрсетеді.
Жүргізілген консультациялар мен диагностикалық рәсімдердің қорытындысы бойынша анықталған патологиялар туралы жиналған барлық мәліметтер пациенттерге одан әрі мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін учаскелік қызметтерге, облыстық және республикалық клиникаларға жіберілетін болады.