
Құрметті журналистер!
Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні атап өтіледі. Мақсаты – адамдарды онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы ақпараттандыру.
2023 жылдың 3 ақпан күні сағ.11:00-де Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ДСМ штаттан тыс бас онкологтың, «ҚазОРҒЗИ» АҚ Басқарма төрайымы, Қазақстандық онкологтар қауымдастығының президенті Диляра Қайдарованың қатысуымен: «Қазақстанның онкологиялық қызметінің жағдайы: соңғы 5 жылдағы Қазақстан Республикасындағы онкологиялық аурулармен сырқаттанушылық және өлім-жітім бойынша ағымдағы статистика» атты баспасөз-конференциясы өтеді.
Баспасөз мәслихатына келесі спикерлер қатысады:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы, «Қазақ онкология және радиология ҒЗИ» АҚ басқарма төрайымы, Қазақстан онкологтар қауымдастығының президенті Диляра Қайдарова;
2) «ҚазОРҒЗИ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, онколог Бақытжан Оңғарбаев (қаз.)
Спикерлер Қазақстанда халыққа онкологиялық көмек көрсетуге қатысты барлық сұрақтарға жауап береді.
Баспасөз-конференциясы өтетін күні мен уақыты: 2023 жылдың 3 ақпан, сағат 11:00.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай даңғылы 91, Шәріпов көш. қиылысы (кіреберіс Абай даңғ. жағынан). 2-қабат, Кіші конференц-зал.
БАҚ үшін анықтама: 87017057876.