Астана медицина университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Астана медицина университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері-превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов және превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жылқышиева ұжымға және студенттерге заңнамадағы өзгерістер және елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ қызықты бірлескен жобаларды іске асыруға және жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды ілгерілетуге назар аударылды.

Алғы сөзінде Басқарма төрағасы – ректор Камалжан Надыров университеттің бай тарихы бар екенін, осы кезеңге дейін 25000-нан астам маман шығарылғанын атап өтті. Университет беделін бағалайды, сондықтан Академиялық адалдық мәселелеріне және университетте сыбайлас жемқорлықтан азат ортаны құруға ерекше назар аударылады.

Университеттің комплаенс-офицері Самат Абдуллин университетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментімен бірлесіп әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспардың жүзеге асырылуы мен атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Атамекен ҰКП тәуелсіз рейтингіне сәйкес Астана медицина университеті еліміздегі ең үздік 5 ЖОО-ға кірді. Өткен жылы ЖОО академиялық адалдық лигасына кірді, осы лигаға кіру барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз етуді, профессорлық-оқытушылық құрамға да, білім алушыларға да қойылатын талаптарды қатаңдатуды көздейді. Білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттелген.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбындағы үздік роликке конкурс басталды. Үздік жұмыстар естелік сыйлықтармен және сыйлықтармен марапатталады.