ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН ТӘРТІПТІК БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН ТӘРТІПТІК БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың қаңтар айының бірінші жартысында Денсаулық сақтау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Зина Байғаскина Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің ұжымдарымен кездесті.

Кездесу барысында мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңда көзделген мемлекеттік қызметшілер үшін шектеулер, азаматтармен, кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын дамыту мәселелері талқыланды.

Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі ситуациялық мысалдармен, сондай-ақ 2022 жылғы тәртіптік, әкімшілік практиканы талдауды ескере отырып, әлеуметтік желілерде қызметтік әдеп нормаларын сақтауға, азаматтармен телефон арқылы келіссөздер жүргізу, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру, іссапарға шығу кезінде, сондай-ақ мүдделер шиеленісі жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамытуға назар аударды.

Министрлік ведомстволарының департаменттерінде тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі жұмыс туралы СҚО бойынша МФБК АД басшысы Б. Н.Сарымсақов және әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары жүктелген СҚО бойынша СЭБК АД басшысының орынбасары                                    С. М. Барменбаев хабардар етті.

Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілінің жеке қабылдауында мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттары үшін еңбекке ақы төлеудің факторлық-балдық жүйесі жағдайында уәждеме, аумақтық департаменттердің ведомстволардың орталық аппараттарымен тиімді өзара іс-қимыл мәселелері және т.б. мәселелер көтерілді.

Ведомстволардың аумақтық департаменттерінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы туралы жүргізілген анонимді сауалнаманың қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін жақсарту жөніндегі ұсыныстарды берді.