Коронавирус бойынша сағат 18:00 жағдай

Коронавирус бойынша сағат 18:00 жағдай

"Италияның Милан қаласынан келген тағы бір науқастан коронавирус анықталды. Пациент - әйел адам. Ол 12 наурызда Нұр-Сұлтан қаласына келген. Қолданыстағы алгоритмге сәйкес, науқас борттан карантиндік объектіге орналастырылды", - деп хабарлады брифингте Елжан Біртанов.

Пациент Қазақстан азаматы, ол Италиядан (Милан қ.) Нұр-Сұлтанға Мәскеу арқылы транзиттік рейспен жеткен. Коронавирус бойынша қауіптілігі жағынан Италия 1 "а" санатына кіргендіктен, азаматша ұшақ қонғаннан кейін бірден көпбейінді медициналық орталықтың бір орындық боксына орналастырылды.

Сондай-ақ, осы рейспен науқастың жұбайы да ұшып келді, оның анализі теріс болып шықты.
Жалпы, Ресей Федерациясынан шыққан ұшақтың бортындағы барлық жолаушы инфекция жұқтырған пациентпен байланыста болған деп есептеледі. Қазір олар да стационарға орналастырылды және медициналық бақылауда.

Инфекцияға байланысты жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді:
- қолды, бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- адамдар көп жиналатын жерлерге мүлдем бармау;
- сырқат адамдарға жақындамау;
- суық тию белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуы жоғарылап, мұрын бітелсе, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет.
Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және өзге де сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.