2020 жылғы 13 наурыздағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

2020 жылғы 13 наурыздағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

1786 адамға  мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1270,  1 «б» санаты бойынша – 268,  2 санат бойынша – 248 адам медициналық бақылауда болды. Барлығы 361 адам бақылаудан алынды. 13 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 1425 адам бақылауда тұр.

13 наурызға барлығы 104 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 24 адам, 2-санат бойынша – 41 адам, 3-санат бойынша – 39 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 104 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 52 адам стационарда жатыр.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай

Дүние жүзі бойынша 127 мемлекетте 134 554 адам коронавирустық инфекция жұқтырды.

Барлығы ҚХР-да - 80 793  КВИ жағдайлары тіркелген (тәулігіне + 15 жағдай) ( күн сайынғы өсім – 0,02% құрайды), оның ішінде – 3 169 өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,9%). 62 793 адам сауығып шығарылды (77,7%). Стационарларда 14 831 науқас қалып отыр.

Инфекция жұқтырғандар саны – 53 761 (круиз лайнерін қоса алғанда) жағдай тіркелген, күн сайын 18,7 пайызға, оның ішінде – 1802 науқас қайтыс болды, өлім-жітім – 3,3 пайызға артып отыр.

 Қауіптілігі жағынан 1 «а» санатына кіретін елдер:

Италияда – 15 113 адам жұқтырған (тәулігіне + 2651, өсім – 21,2%), 1016 науқас қайтыс болды (тәулігіне – 189, өсім – 22,8%);

Иранда – 10 075 жағдай тіркелген (тәулігіне + 1075, өсім – 11,9%), 429 науқас қайтыс болды (тәулігіне +75, өсім – 22,8%);

Оңтүстік Кореяда – 7869 адам індетке шалдыққан (тәулік ішінде + 114 жағдай, өсім 1,4%), 66 науқас қайтыс болды (тәулігіне +6, өсім – 10,0%);

1 «б» санатына кіретін елдер:

Францияда – 2876 жағдай тіркелген (тәулігіне + 595, өсім – 26,0%), 61 науқас қайтыс болды (тәулігіне +13, өсім – 27,0%);

Испанияда – 3 146 жағдай тіркелген (тәулігіне + 869, өсім – 38,1%), 86 науқас қайтыс болды (тәулігіне +31, өсім – 56,3%);

Германияда – 2 745 жағдай тіркелген (тәулігіне + 837, өсім – 43,8%), 6 науқас қайтыс болды (тәулігіне +1, өсім – 100%);

Барлық ауруханаға жатқызылғандардың сынамаларын қосымша бақылау үшін Алматы қаласының орталық референттік зертханасына жіберілді, онда Ұлттық биотехнология орталығының филиалы және Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы 2020 жылдың қаңтарынан бастап Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынған хаттама негізінде COVID-19 ПЦР-диагностикасын бірлесіп жүргізуде.

Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған. Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тез арада үйге жедел жәрдем шақыру керек.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.

 

ҚХР бойынша ресми  дерек http://www.nhc.gov.cn/yjb/new_index.shtml

Басқа елдер бойынша дерек  https://www.worldometers.info/coronavirus/#age