С. Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО-да ҚР ДСМ бастамасымен алғаш рет Қазақстанның 13 өңірінен 26 маманның қатысуымен медициналық техниканы жоспарлау және сатып алу бойынша оқыту жүргізілді.
Оқытуды ҚР ДСМ, ҰҒДСДО, ДЗМБСҰО, СҚ-Фармация, Turar Healthcare жоғары білікті сарапшылары жүргізді. Семинарларға медициналық техника өндірушілерінің, оның ішінде отандық техника өндірушілерінің өкілдері қатысты.
Оқу барысында дөңгелек үстел өткізілді, онда өңірлерден келген тыңдаушылар ҚР ДСМ, ЭЫДҰ, «СҚ-Фармация» ЖШС және ҰҒДСДО өкілдерімен негізгі проблемалар мен мәселелерді талқылай алды.
Практикалық сабақтарда білім алушылар Астана қаласының ірі денсаулық сақтау ұйымдарын: Республикалық диагностикалық орталықты, ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасын, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, №10 қалалық емхананы аралап, медициналық жабдықтармен танысты.
Оқытылған мамандарды, оның ішінде медициналық техника бағыты бойынша НҚА әзірлеу, денсаулық сақтау объектілерін жобалау және салу жөніндегі жұмыс топтарына және т. б. қосу жоспарлануда.