2020 жылғы 9 наурыздағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

2020 жылғы 9 наурыздағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

9 наурызға барлығы 77 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «Б» санаты бойынша – 17 адам, 2-санат бойынша – 31 адам, 3-санат бойынша – 29 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 77 адамның ішінен 32 адам шығарылды.

4084 адамға  мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «А» санаты бойынша – 1053,  1 «Б» санаты бойынша – 182,  2 санат бойынша – 2849 адам медициналық бақылауда болды. Барлығы 408 адам бақылаудан алынды. 9 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3676 адам бақылауда тұр.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай

Дүние жүзі бойынша 98 мемлекетте 29232  адам коронавирустық инфекция жұқтырды.

708 науқас қайтыс болды:
Италияда - 366
Иранда - 194
Оңтүстік Кореяда - 50
Круиз лайнерде -7,
Жапонияда - 7,
АҚШ – 22,
Францияда - 19,
Испанияда – 17,
Иракта - 6,

Гонконгта - 3
Филиппинде – 1,
Таиландта – 1,
Австралияда - 3,
Сан-Маринода - 1,
Ұлыбританияда - 3,

Нидерландта – 3,

Тайванда – 1,

Аргентинада – 1,

Египетте – 1,
Швейцария - 2 адам.

Инфекция жұқтырғандар саны күн сайын 16,0 пайызға, өлім-жітім – 2,4 пайызға артып отыр.

Қауіптілігі жағынан 1 "А" санатына кіретін елдер:
Оңтүстік Кореяда - 7313 адам індетке шалдыққан (тәулік ішінде + 272 жағдай, өсім 3,8%);
Иранда – 6566 жағдай тіркелген (тәулігіне + 743, өсім – 12,7%).

1 "Б" санатына кіретін елдер:
Италияда - 7375 адам жұқтырған (тәулігіне + 1492, өсім – 25,3%);
Жалпы, ҚХР 80 735 азамат инфекция жұқтырған (тәулігіне + 40).
58600 адам жазылып шықты, стационарларда әлі 19016 науқас емделуде.

 

Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.

Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған. Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.