2020 жылғы 7 наурыздағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

2020 жылғы 7 наурыздағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

7 наурызға барлығы 72 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «Б» санаты бойынша – 16 адам; 2-санат бойынша – 31 адам; 3-санат бойынша – 25 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 72 адамның ішінен 26 адам шығарылды.

3 мың 676 адамға  мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «А» санаты бойынша – 763,  1 «Б» санаты бойынша – 216,  2 санат бойынша – 2 697 адам медициналық бақылауда болды (14 күн қоңырау шалу). 

Сондай-ақ, кеше таңертеңгі сағат 2:30-да Нұр Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келді (оның ішінде 4 адам – «Diamond Princess» жапон лайнерінің жолаушылары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.  

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай

Дүние жүзі бойынша 79 мемлекетте 21 мың 181 адам коронавирустық инфекция жұқтырды.

420 науқас қайтыс болды:
Италияда - 197
Иранда - 124
Оңтүстік Кореяда - 43
Круиз лайнерде -6,
Жапонияда - 6,
АҚШ – 15,
Францияда - 9,
Испанияда – 8,
Иракта - 4,
Филиппинде – 1,
Таиландта – 1,
Австралияда - 2,
Сан-Маринода - 1,
Ұлыбританияда - 2,
Швейцария - 1 адам.

Инфекция жұқтырғандар саны күн сайын 21,3 пайызға, өлім-жітім – 2 пайызға артып отыр.

Қауіптілігі жағынан 1 "А" санатына кіретін елдер:
Оңтүстік Кореяда - 6 мың 593 адам індетке шалдыққан (тәулік ішінде + 505 жағдай, өсім 7,6%);
Иранда – 4 мың 747 жағдай тіркелген (тәулігіне + 1 мың 234 жағдай, өсім – 26,0%).

1 "Б" санатына кіретін елдер:
Италияда - 4 мың 636 адам жұқтырған (тәулігіне + 778, өсім – 16,7%);
Жапонияда – 420 жағдай тіркелді (тәулігіне + 56);
ҚХР Гонконг САР - 107 жағдай анықталды (тәулік ішінде - 3)
ҚХР Тайвань – 45 оқиға болды (тәулігіне + 1 өсім – 2,2%);
САР Макао ҚХР – 10 жағдай тіркелді.

Жалпы, ҚХР 80 мың 813 азамат инфекция жұқтырған (тәулігіне + 103).
Бір сағат ішінде Гонконгта - 107, Тайвань да- 45, Макаода - 10 адам індетке шалдыққан, оның ішінде - 3 мың 73 науқас қайтыс болды (Гонконг – 2, Тайвань - 1).

55 мың 477 адам жазылып шықты, стационарларда әлі 22 мың 263 науқас емделуде.

Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.

Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған. Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.