Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мен CDC/CAR директоры екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мен CDC/CAR директоры екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният АҚШ-тың Орталық Азиядағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының аймақтық директоры Дэниел Сингермен (CDC/CAR) кездесті.

Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы өзекті бағыттар бойынша ынтымақтастықты талқылады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы АҚШ елшілігіне және АҚШ-тың Орталық Азия бойынша ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарына Қазақстанда COVID-19 таралуының алдын алу мәселелерін шешуде қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Министр қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы байқалып отырғанын және коронавирустық инфекция бойынша ұжымдық иммунитеттің жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін және 10,5 миллион адам немесе жалпы халықтың 56 пайызы екі дозамен қамтылғанын атап өтті.

Кездесу соңында Дэниел Сингерге денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан-Америка ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі үшін «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табыс етілді.