
ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің деректері бойынша ағымдағы жылғы 1 ақпан 4 наурыз аралығында Қазақстанға мемлекеттік шекараның өткізу пункттері арқылы барлық елдерден 1 736 462 адам, оның ішінде ЕАЭО елдерінен 992 623 адам келді. (Деректер 2020 жылғы 04.03. алынды).
Мәселен, 2020 жылғы 6 қаңтардан 5 наурызға дейін елімізге 33 124 адам келді.
6 қаңтар – 5 наурыз аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 33 124 адамды қарап-тексерді.
Медициналық ұйымдар 3 санатқа бөлінген елдер бойынша келген адамдардың денсаулығы мониторингі бойынша жұмысты жалғастыруда.
Карантинде 1 А» – 737 адам, 1 Б санаты бойынша үйде оқшаулауда 192 адам бар.
6 наурызға барлығы 70 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 Б санаты бойынша – 17 адам; 2-санат бойынша – 28 адам; 3-санат бойынша – 25 адам емдеуге жатқызылды. Емдеуге жатқызылған 70 адамның ішінен 25 адам шығарылды.
3 мың 426 адамға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «А» санаты бойынша – 737, 1 «Б» санаты бойынша – 192, 2 санат бойынша – 2 497 адам медициналық бақылауда болды (14 күн қоңырау шалу). 2 санат бойынша 86 адамға мониторинг тоқтатылды.
Сондай-ақ, кеше таңертеңгі сағат 2:30-да Нұр Сұлтан қаласына Токио қаласынан 20 қазақстандық азамат келді (оның ішінде 4 адам – «Diamond Princess» жапон лайнерінің жолаушылары). Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.
Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.
Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған. Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.
Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.
Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай:
ҚХР-да барлығы 80 565 КВИ оқиғасы тіркелді (САР: Гонконг 104, Тайвань 42, Макао 10), ( күн сайынғы өсім - 0,18 пайыз ), оның ішінде - 3 015 жағдай өліммен аяқталған ( с.і. Гонконг - 2 , Тайвань – 1 жағдай) (өлім көрсеткіші-3,7%). 52 109 адам жазылып шықты (64,6 пайыз). Стационарларда 25 441 науқас қалады.
Қайтыс болғандардың орташа жасы - 75 жас ( ең төменгі – 48, ең жоғарғы 89 жас).
Әлемдегі 79 мемлекетте 14 747 (круиздік лайнер - бөлек көрсетілген) КВИ жағдай тіркелді, (271 өлім: Иран – 92, Италия - 107 , Оңтүстік Корея - 35, круиз лайнер -7, Жапония – 6, АҚШ – 11, Франция - 4 , Испания – 2, Ирак-2, Филиппин – 1, Таиланд – 1, Австралия-2, Сан-Марино-1).