А. ҒИНИЯТ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫН МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

А. ҒИНИЯТ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫН МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Ақтөбеде «Марата Оспанов атындағы  Батыс Қазақстан  медицина университеті» КеАҚ-ның 65 жылдығына арналған «Медициналық білім берудегі инновациялар»  тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараның ашылу салтанатына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты, ол мерейтойлық форумға қатысушыларға осы университеттің түлегі ретінде өзінің оқытушылары мен тәлімгерлеріне шын жүректен алғыс сөздерін білдірді.

Ажар Ғиният сол кезде «өмірге жолдама» берген оқытушыларды аса құрметпен еске алатынын атап өтті.

«Педиатрия факультетінің деканы Анна Семеновна Тихонованы, патанатомия кафедрасының профессорлары Валентина Васильевна Морозованы,  Алина Музагитовна Гизатуллинаны,  гистология кафедрасының профессорлары Александр Иванович Корватты және Геннадий Васильевич Овсянниковты, фармакология кафедрасының профессоры Раиса Салмағамбетқызы Кузденбаеваны, балалар аурулары кафедрасының оқытушылары Орынғали Балтаұлы Балтаевты және Балаш Түсіпқалиұлы Түсіпқалиевты және тағы басқаларды аса құрметпен және ризашылықпен еске аламын. Біз саяси экономика негіздерін Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың өзінен үйрендік», - деді ол.

«Бүгінде Батыс Қазақстан медицина университеті бакалавриат, резидентура, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша медицина кадрларын даярлауды қамтамасыз етеді, халықаралық жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтасады, диагностика мен емдеуде инновациялық технологияларды әзірлейді және енгізеді.  ЖОО-ның өткен жарты ғасырдан астам уақыты - бұл Қазақстаннан тыс жерлерде белгілі ғылыми мектептерді қалыптастыру, практикалық денсаулық сақтау үшін әртүрлі мамандықтағы мыңдаған сұранысқа ие дәрігерлерді даярлау. Уақыт реформалық рухты және білім беру үдерісіне жаңа технологияларды енгізуді талап ететін жаңа сын-тегеуіріндер мен міндеттерді алға жылжытуда», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі өзінің құттықтау сөзінде. 

Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының ашылу тарихы КСРО Министрлер Кеңесінің бірлескен өкімі мен КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы шыққан 1957 жылдан басталады. Жалғыз «Емдеу ісі»  факультетінің мақсаты батыс және солтүстік-батыс Қазақстанның білікті дәрігерлік кадрларын даярлау және қамтамасыз ету болды. Қысқа мерзімде оқу процесі ұйымдастырылып, 213 студенттен тұратын алғашқы қабылдау өткізілді. 

Медицина институтының ашылуы медицина ғылымының дамуына негіз болды, облыс орталығының, батыс өңірінің және жалпы елдің өмірінде ерекше зияткерлік-мәдени атмосфера туғызды.

2022 жылғы 1 желтоқсанда Аққағаз Досжанова атындағы Конгресс-холда  мерейтойлық конференцияның салтанатты бөлігін «Даңқты өткеннен жарқын болашаққа» тарихи-деректі фильмінің тұсаукесерімен, сәлемдесулермен және құттықтаулармен, мемлекеттік және ведомстволық наградалардың тұсаукесерімен өткізеді.

Университет тарихында тұңғыш рет Қазақстанның көрнекті ғалымдарын – әр  жылдардағы түлектерді «Университет мақтанышы» медалімен марапаттау рәсімі өтеді.

Сондай-ақ, университет қызметкерлерін, оның ішінде қосалқы қызметтерді көп жылдық еңбегі және университеттің дамуына қосқан үлесі үшін  «Адал еңбегі үшін» арнайы медалімен марапаттау өтеді.

2022 жылғы 2 желтоқсанда облыстық перинаталдық орталықтың базасында босандыруды және гинекологияны дамытуға, акушер-гинекологтар плеядасын даярлауға елеулі үлес қосқан профессор, м.ғ. д. Қ. К. Құдайбергеновке мемориалдық тақта ашылады.

Конференцияның шеңберінде 30 қараша және 1 желтоқсан күндері клиникалық базаларда Ресейдің, Қазақстанның жетекші мамандарының қатысуымен капсулалық эндоскопияны қолдана отырып, бейнеэндоскопиялық хирургия және диагностика бойынша мастер-кластар өтеді, олардың барысында неғұрлым күрделі патологиялық жағдайларда    30-дан астам операциялық араласу орындалады. Wiley, Informascope және Elsevier компанияларының өкілдері ТМД, Орта Азия және Әзірбайжан елдері бойынша оқу, ғылыми және клиникалық процестерді ақпараттық қамтамасыз ету бойынша мастер-кластар сериясын өткізеді.

Конференцияға қатысушылар «Батыс Қазақстанда медицинаны дамыту» мұражайына, «Жастар Арена» спорт кешеніне, анатомиялық мұражайға, «Smart anatomy» орталығына, морфологиялық зертханаға, кадавер орталығына (жас микрохирург ғалымдар клубының тұсаукесерімен) бара алады.