
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтың төрағалығымен медициналық-санитарлық халықаралық ережелерге және 2019-2023 ж.ж. арналған денсаулық сақтаудың жаһандық бағдарламасына мониторинг жайлы екінші кеңес өтті.
Жиынға Қазақстандағы ДДСҰ ресми өкілдері, БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ), БҰҰ Даму бағдарламасының, халықаралық эпизоотиялық бюроның (OIE), халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ISTC), Бундесвер микробиология институтының, Ауруларды бақылау және алдын алу бойынша америкалық орталықтың (CDC), қауіпті азайту бойынша АҚШ Қорғаныс министрлігі бөлімінің (Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігі), Дүниежүзілік Банктің ресми өкілдері мен қызметкерлері, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік органдары мен ұлттық орталықтарының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында Қазақстанда короновирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ МСКХТ бойынша Жол картасын іске асыру барысы таныстырылды.
Вице-министр Камалжан Надыров Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы базасында Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау саласында қабылданып жатқан шаралар бойынша кеңесші ретінде халықаралық сарапшылардың қатысуымен Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі кеңес құрылатынын хабарлады.
Халықаралық ұйымдардың өкілдері Қазақстан Үкіметіне денсаулық сақтау саласындағы жедел қабылданған қауіпсіздік шаралары үшін алғыс білдірді және мамандарды оқыту, материалдық-техникалық және консультациялық көмек көрсету, биологиялық, химиялық, радиациялық сипаттағы төтенше жағдайға байланысты бірқатар міндеттерді шешу үшін қажетті көмек көрсетуге дайын екендігін айтты.
Кездесуде Қазақстандағы COVID-19 коронавирусқа қатысты жағдай жалы уақытылы және нақты ақпарат беріп отыру жайы сөз болды, себебі, елде инфекция кеңінен тарамау үшін бірлесіп күресу керек болады. Ал 2019 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасында халықаралық медициналық-санитарлық ережелерді дамыту көзделген.