Үкімет отырысында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту туралы ұлттық жобаны іске асыру жоспарлары талқыланды

Үкімет отырысында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту туралы ұлттық жобаны іске асыру жоспарлары талқыланды

Бүгін Үкімет отырысында еліміздің ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлары талқыланды.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтаудың ағымдағы жай-күйін сипаттайтын негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер туралы хабардар етті, сондай-ақ ұлттық жобаны іске асыру призмасы арқылы ауылдағы денсаулық сақтауды дамыту перспективаларын белгіледі.

Ол бүгінде ауылда 7,8 млн адам тұратынын, бұл ел халқының 41% -ын құрайтынын, оның 38%-ы балалар, 62% - ы ересектер екенін айтты. Ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді.

Ауыл тұрғындарының арасындағы сырқаттанушылық құрылымына келетін болсақ, олар көбінесе тыныс алу ағзаларының ауруларынан - 42,7%, ас қорыту – 9% зардап шегеді.

Ведомство басшысы ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың негізгі бағыттарына назар аударды, бұл ауылдағы профилактикалық медицинаны күшейту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін жақсарту, білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және жаңа денсаулық сақтау объектілерін қайта құру және салу арқылы ауылдық инфрақұрылымды айтарлықтай жаңарту.

«Ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу үшін ауқымды профилактикалық қарап-тексерулер енгізілуде. Халықтың жыныстық-жас құрамын, денсаулығын талдауды ескере отырып, нысаналы топ және ауыл халқының көрсетілетін қызметтерінің тізбесі кеңейтілді. Ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап ауылдарда профилактикалық қарап-тексерулер бүкіл ел бойынша жүргізіледі», - деп атап өтті А. Ғиният.

Бұрын хабарланғандай, ауылдағы профилактикалық қарап-тексерулер мынадай топтарда жүзеге асырылады: туғаннан бастап 18 жасқа дейін «Балалар»; 18 жастан бастап 29 жасқа дейін «Жастар», 30 жастан бастап 44 жасқа дейінгі «Ееңбек-1»; 45 жастан бастап  65 жасқа дейінгі «Еңбек-2» және 66 жастан асқандар «Зейнеткер».

Ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде биылғы жылы қалалық және ауылдық пациенттерді амбулаториялық деңгейде препараттармен тең тегін қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтын заңнамалық нормалар қабылданды, деп хабарлады министр.

Мәселен, биылғы жылы салалық заңнамаға ауылдық медициналық ұйымдарда дәріхана пункттерін құру жөніндегі норма енгізілді. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап 230 елді мекенде 75 мемлекеттік дәріхана және 161 жеке дәріхана ашылды. Бұдан басқа, ауылдық жерлерде дәрігер болмаған кезде тегін рецептті фельдшер жазуға құқылы, дәріхана жоқ ауылдық елді мекендерде дәрілік заттарды медицина қызметкері МСАК объектілері арқылы, сондай-ақ жылжымалы дәріхана пункттері арқылы тегін жібереді.

Ауылда жүргізілген медициналық объектілерді инвентаризация қорытындысы бойынша 200-ден астам елді мекенде медициналық объектілер жоқ, 400-ге жуық медициналық объекті жалға алынған, авариялық, бейімделген ғимараттарда орналасқан. Осылайша, ауылдық жерлерде МСАК медициналық инфрақұрылымының тозуы 50%-дан асады.

Ұлттық жоба мақсаттарының бірі - 655 МСАК объектісін салу және реконструкциялау және 32 көпбейінді аудандық орталық аурухана ұйымдастыру арқылы ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту.

Өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп 655 МСАК объектісін салу бойынша дайындық жұмыстары басталды, оның ішінде 253 - медициналық пункт, 160 - дәрігерлік амбулатория және 242 - фельдшерлік-акушерлік пункт.

32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы ұйымдастыру жұмыс істеп тұрған 12 аурухананы жаңғыртуды және 20 жаңа аурухананы ұйымдастыруды көздейді.

Инсульт және кардиологиялық, тері арқылы енгізу орталықтары, реанимация және қарқынды терапия, аз инвазивті хирургия, травматология және оңалту бөлімшелерін ашу жоспарлануда. Сондай-ақ аудандық орталық аурухананы заманауи медициналық жабдықтармен (КТ, МРТ, ангиограф, сараптамалық кластағы ультрадыбыстық зерттеу, эндоскопиялық, реанимациялық, медициналық оңалтуға арналған жабдықтар) үшін жарақтандыру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.

Жобаның кадрларға қосымша қажеттілігі медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары үшін 307 (салынған медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілеріне) және көп бейінді аудандық орталық ауруханалар үшін 793 медицина қызметкерін құрайды. Әкімдіктермен бірлесіп бұл мәселе медицина кадрларын әлеуметтік қолдау және қайта даярлау шеңберінде шешілетін болады.

Жалпы, ұлттық жобаны іске асырудың әлеуметтік әсері профилактикалық тексерулердің, скринингтердің қолжетімділігін арттыруда, ауруларды ерте анықтауда, 4 млн ауыл тұрғындарына мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруда, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсетуде және жалпы қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендетуде күтілуде.