
Бүгін денсаулық сақтаудың бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Ұлыбританияның ҚР-дағы елшісі Кэти Личпен кездесу өткізді, онда тараптар жеткізілетін дәрілік заттардың шекті бағасын қалыптастыруды талқылады.
Т. Сұлтанғазиев екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, ерте жастағы балаларды дифтерияға, сіреспеге және көкжөтелге қарсы вакцинациялау үшін аралас вакциналарды уақтылы жеткізуге қызығушылық білдірді.
Бұдан әрі Британдық дипломатпен кездесу барысында британдық "Астра Зенека" компаниясы мен денсаулық сақтау министрлігі арасындағы негіздемелік келісімге қол қою мүмкіндіктері талқыланды.
"Қазақстандық тарап "Астра Зенекамен" серіктестікті жандандыруға мүдделі және өз кезегінде Ұлыбритания Елшілігінің ҚР-дағы келісімінің жобасын қарастыруға, сондай-ақ талқыланатын жобаны дипломатиялық арналар арқылы ұсынуға дайын екендігін хабарлаймыз", - деп атап өтті Т.Сұлтанғазиев.