ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: жалған таратуларға сенбеңіздер!

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: жалған таратуларға сенбеңіздер!

Қазір әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде "ҚР Үкіметі коронавирустық инфекцияға қатысты шұғыл отырыс өткізді, жиында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың біздің елімізге де жеткенін жасырмады, енді оқушылар мен студенттерді демалысқа жіберу жоспарлануда, қоғамдық көліктерде тексеру жүргізіледі, ал қоғамдық іс-шаралар тоқтатылады және 2 наурыздан бастап мемлекеттік органдар қатаң тәртіпке (маска кию) көшеді" деген жалған ақпарат тарауда.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми хабарлайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның тасымалдануы мен таралуына жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдауда.

Құрметті ел азаматтары, әлеуметтік желілерде жүрген жалған ақпаратқа алаңдамай, тек ресми дереккөздерге сеніңіздер. Сіздер расталған, дәлелді ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми сайтынан және ҚР ДСМ Facebook парақшасынан оқи аласыздар.