А.ҒИНИЯТ АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНДА БОЛДЫ

А.ҒИНИЯТ АЯГӨЗ АУДАНЫНЫҢ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНДА БОЛДЫ

Абай облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Аягөз ауданының орталық көпбейінді ауданаралық ауруханасына барды.

Министр қабылдау бөлмесінде пациенттерді бөлудің триаж жүйесімен танысты, содан кейін 2018 жылы Аягөз КАА базасында ашылған 20 төсектік инсульт орталығына барды.

Бұл орталық компьютерлік томографпен жабдықталған және Аягөз, Үржар және Тарбағатай аудандарының 170 мың тұрғынына есептелген. Соңғы екі жылда мұнда 800-ге жуық науқас емделді, олардың 300-і операциядан, инсульттан, инфаркттан кейін оңалту курстарынан өтті.

ОАА бас дәрігері Шалқар Омаровтың айтуынша, мұндай орталықты құру қажеттілігі бұрыннан пайда болған. Бұған дейін жіті неврологиялық және кардиологиялық патологиясы бар пациенттердің барлығы дерлік Семей, Өскемен, Астана және Алматы клиникаларына емделуге жіберілген болатын.

ОАА қабырғаларында 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кардиология орталығы рентген-ангиографиялық аппаратты, компьютерлік томографты қоса алғанда, ең жаңа жабдықтармен жабдықталған.

Әрі қарай А. Ғиният 20 төсектік перзентханаға және өңірлендірудің үшінші деңгейінде жұмыс істейтін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесіне барды.

Министр екі бөлімшенің заманауи жабдықталуын қарап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, персоналдың біліктілігін арттыру мәселелеріне қызығушылық танытты.

Дәрігерлермен әңгімелесу барысында ол Денсаулық сақтау министрлігі физиологиялық босануға тарифтерді көтеріп жатқанын, бұл медицина қызметкерлерінің жалақысы бөлігінде де елеулі қолдау болатынын және медициналық көмектің сапасын арттыруға әсер етуі тиіс екенін атап өтті.

«Халық денсаулығын жақсарту үшін біз бірқатар стратегиялық құжаттарды қабылдаймыз, бірақ олардың сапалы орындалуы сіздердің жұмысыңызға байланысты болады. Бұл онкологиялық көмек, ана мен бала қызметі, ауылдық денсаулық сақтау және т.б. сияқты маңызды бағыттарға қатысты. Ковидтен кейінгі салдарлар адамдардың денсаулығының жай - күйін едәуір нашарлатты, көптеген адамдарда созылмалы аурулар шиеленісе түсті, сондықтан бүгінгі күні асқынуларды жіберіп алмау, медициналық көмектің жоғары қамтылуын және сапа деңгейін қамтамасыз ету маңызды», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Аягөз қаласындағы аудандық ауруханасының ұжымына.

Аягөз ауданының ОАА-да 200 төсектік стационар бар, оның ішінде 48 төсектік терапия бөлімшесі, кардиологиялық бөлімше – 10, хирургиялық бөлімше – 37 төсектік, травматологиялық бөлімше – 10, урологиялық бөлімше – 5, лор – 5, нейрохирургиялық бөлімше – 3, ангиохирургиялық бөлімше-3 және басқалар. Емхана мамандықтардың 20 түрі бойынша қабылдау жүргізеді, аудандық аурухана 15 дәрігерлік амбулаторияны, 16 медициналық пунктті, 3 ФАП-ты біріктіреді.  ОАА ұжымында 530 медицина қызметкері, оның ішінде 114 дәрігер жұмыс істейді.