Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде Облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының ұжымымен кездесті

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде Облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының ұжымымен кездесті

Онкология орталығы 700 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді және тәулік бойғы стационардың 100 төсегіне, оның ішінде - жалпы хирургия, маммология және онкогинекология бөлімшесіне, химиотерапия, паллиативтік бөлімшеге, сондай-ақ радиациялық терапия бөлімшесіне есептелген.

Клиника ұжымында 395 қызметкер - дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері бар. 2022 жылғы жағдай бойынша дәрігерлердің орташа жалақысы 512 026 теңгені, орта медицина персоналының жалақысы 277 780 теңгені, кіші персоналдың жалақысы 179 968 теңгені құрады.

Облыста 2022 жылдың 9 айында қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық 100 000 халыққа шаққанда 360,7, өлім-жітім 100 000 халыққа шаққанда 116,6 құрады.

Орталық пациенттерінің дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі жыл сайын өсуде.

Орталықты аралау барысында Ажар Ғиният Орталықтың медициналық жабдықтармен жарақтандырылуымен танысты, атап айтқанда министрге КТ аппаратының жұмысы мен техникалық сипаттамаларын, ElektaVersaHD заманауи желілік үдеткішінің және МРТ аппаратына арналған ФУЗ ультрадыбыстық префиксінің мүмкіндіктерін көрсетті.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына Онкология орталығын заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру және шетелде мамандардың біліктілігін арттыру туралы баяндалып, жаңғыртылған операциялық блок, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі, аурухананың зарарсыздандыру бөлімшесі таныстырылды.

Онкология орталығының бас дәрігері Анна Александровна Кухаревамен әңгімелесу барысында клиника хирургиялық араласудың жартысына жуығын аз инвазивті әдіспен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа жабдықтармен жабдықталғаны, бұл операциядан кейінгі оңалту кезеңін едәуір жеңілдетілгені, қызметкерлер жетекші шетелдік медициналық орталықтарда оқытылатыны айтылды.

Министр Онкология орталығының емханалармен, аудандық ауруханалармен және диспансерлік науқастармен тығыз қарым-қатынас жасау қажеттігін атап өтіп, халықтың арасында онкологиялық ауруларды уақтылы анықтау мәселесіне ерекше назар аударды.