Денсаулық сақтау министрлігі Қайрат Беркінбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады

Денсаулық сақтау министрлігі Қайрат Беркінбаевтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады

Бүгін 57 жасында белгілі қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, «ОҚ-ЖЕТПЕС» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев мезгілсіз қайтыс болды.

Қайрат Шерәліұлы курорт ісінің дамуына зор үлес қосты, Қазақстанның ірі сауықтыру мекемелерінің басшысы бола отырып, өзін дарынды ұйымдастырушы ретінде көрсетті.

Марқұмның отбасы мен жақындарына қамқор әкесінің және жұбайының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтамыз.