АТЫРАУ КАРДИООРТАЛЫҒЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

АТЫРАУ КАРДИООРТАЛЫҒЫНДА 700-ГЕ ЖУЫҚ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Жыл басынан бері Атырау облыстық кардиологиялық орталығында жоғары технологияларды қолдана отырып 699 операция жасалды, хирургиялық араласудың негізгі бөлігі шұғыл жағдайларға келеді.

Жақында облыстық кардиоорталығына 68 жастағы әйел пациент  мезгіл-мезгіл бас ауруы, құлақтың шуылы, қан қысымының 200/100 дейін күрт жоғарылауы, кеуде қуысының ауыруы туралы шағымдармен түсті. Ол ми инфарктісіне әкелмейтін күретамыр артериясының бітелуі және стенозы диагнозымен емдеуге жатқызылды.

Кардиоорталық дәрігерлерінің бұл патологияны уақтылы анықтауы және хирургиялық араласу бұл пациенттің өмірін сақтап қалды. МӘМС шеңберінде емдеу мен операцияның құны 760 мың теңгені құрады.

Егер адам ауырып қалса және оған инновациялық технологияларды қолдана отырып диагностика мен ем көрсетілсе, онда тұрғылықты жеріне қарамастан, ол жоспарлы медициналық көмекке сене алады. Негізгі шарт - МӘМС-те сақтандыру мәртебесіне ие болу.

Егер пациентке жергілікті деңгейде қажетті емшара қолжетімсіз болса, ол облыстық немесе республикалық клиникаға жіберіледі. Операцияның қажеттілігі туралы шешімді жоғары технологиялық медициналық қызметтің осы түрін жүргізетін клиниканың дәрігері қабылдайды.

Атырау облыстық кардиоорталығы Атырау облысының ғана емес, сондай-ақ көршілес облыстардың тұрғындарына да мамандандырылған жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді.

Аурухананың негізгі жұмыс бейіні - кардиология, кардиохирургия, тамырлық хирургия, интервенциялық кардиоангиология және аритмология.