В Алматы состоялось обсуждение нового Кодекса о здоровье с общественностью

В Алматы состоялось обсуждение нового Кодекса  о здоровье с общественностью

Бүгін Алматы жұртшылығы дөңгелек үстел басында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  Кодекс жобасының нормаларын талқылады. 

Жиынға Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова, балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Аружан Саин, үкіметтік емес сектордың, кәсіподақтардың, медициналық ұйымдардың  мүшелір, денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар, қоғам белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мемлекет денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударатынын атап өтті.

Ал спикерлер қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан жаңа кодекске енгізілген өзгерістер туралы баяндама жасады.

Айта кету керек, Кодекстің жаңа жобасында мемлекетіміздің ерекшеліктері ескерілген және әлемдік тәжірибе негізінде, ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес өзгерістер енгізілді.

 Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов: «Кодекстің жобасы алғаш рет Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында бір жыл бұрын жарияланды. Осымен оныншы  қоғамдық тыңдау өтуде. Бүгінде үш мыңнан астам түзету мен ұсыныс жинадық. Әсіресе, халықтың пікіріне сүйеніп   Кодекске түзетулер енгізуге көмектескен ҚР Үкіметі Мәжілісі жанындағы Жұмыс тобына, ҮЕҰ алғыс айтқым келеді».

Жаңа Кодекс жобасы қабылданса, ұлт денсаулығын нығайту, азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін күшейту, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылауды күшейту, медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыру, медициналық пунктерді дамыту, денсаулық сақтауды цифрландыруға қол жеткіземіз.