
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен Royal Philips компаниясының вице-президенті Шейгронд Ян-Виллем мырза цифрлық денсаулық сақтауды одан әрі дамытуға, медициналық ұйымдардың техникалық және технологиялық базасын жаңғыртуға бағытталған ынтымақтастықтың әлеуетті аспектілерін талқылады.
«Бізді өз өндірісімізді дамыта отырып, қажеттіліктерді 5 жылдық болжау негізінде медициналық жабдықтармен жарақтандыру мәселелері қызықтырады. Біз сондай-ақ Қазақстан арқылы басқа елдерге дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін логистикалық бағыттар құруға көмектесе аламыз. Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту «Дені сау ұлт» стратегиялық ұлттық жобасының негізгі бағыты болып табылады. Осы тұрғыда біз қашықтықтан медициналық қызмет көрсету үшін ауылдық денсаулық сақтау объектілерін цифрландыруға, әсіресе инсульт орталықтарында, кардиология бөлімшесінде көмек көрсетудің тиімділігін арттыруға бағытталғанбыз», - деді Ажар Ғиният кездесу барысында.
Өз кезегінде, медициналық технологиялар саласындағы әлемдік корпорацияның өкілі Шейгронд Ян-Вильем мырза Қазақстанда ұлттық денсаулық сақтау жобаларын іске асыру үшін шешімдердің кең спектрін ұсынды.
Бұл визуалды диагностикаға, жұмыс процесін оңтайландыру, емдеу мекемелерін жобалау және басқару үшін кешенді IT шешімдерін енгізуге арналған бірқатар жабдықтар. Сондай-ақ, компания денсаулық сақтауды цифрландыру, емханалық буынды жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты талқылауға дайын.
Royal Philips - медициналық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы. Штаб-пәтері Нидерландыда орналасқан Philips Personal Health, Diagnosis and Treatment, Connected Care және Health Informatics бөлімшелерін басқарады. Клиенттермен серіктестікте Philips саламатты өмір салты мен профилактика, диагностика, ең төмен инвазивті емдеу мен үйде күтім жасаудың кешенді шешімдерін ұсынады.