ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: коронавирус тіркелген елдерден келген азаматтарға медициналық бақылау күшейтілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: коронавирус тіркелген елдерден келген азаматтарға медициналық бақылау күшейтілді

Қазақстанда Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 17 ақпандағы Қаулысына тиісті өзгерістер енгізіліп, коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары күшейтілді.

Ведомствоаралық комиссияның келісімімен Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің Қаулысына мынадай өзгеріс енгізілді: коронавирустық инфекция (Сингапур, Жапония, Таиланд, Оңтүстік Корея, Гонконг САР және ҚХР Макао САР, Тайвань (ҚХР) тараған елдерден Қазақстанға келген азаматтар ҚР шекарасын кесіп өткен күннен бастап 24 күн  медициналық бақылауда болады -  мамандар 14 күн бойы  үй-үйді аралап тексереді және 10 күн қашықтан мониторинг жүргізеді.

Коронавирустық инфекция жұқтырған бірлі-жарым жағдай тіркелген  (Малайзия, Вьетнам, Германия, Австралия, АҚШ, БАӘ, Канада, Италия) елдерге барып келген адамдар 24 күн қашықтан бақылауда болады.

Алайда, Қытай Халық Республикасынан келген жолаушылар ұшақтан түсе салысымен оқшаулау арқылы 14 күн стационарда  карантинге жабылады,  олар ауруханадан шыққанан  кейін тағы  10 күн қашықтан бақылауда болады.

Ресми және үкіметтік делегация өкілдерінің, сондай-ақ қызметтік және дипломаттық паспорттар иелерінің, авиакомпания ұшқыштарының және қолайсыз аумақтардан келетін экипаж мүшелерінің денсаулығына  да 24 күн қашықтан мониторинг жүргізіледі.

          Коронавирустық инфекция әлем елдерінде, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда әлі де таралуда.

Медициналық ұйымдар 6 қаңтардан бастап Қытайдан келген азаматтардың денсаулығына тұрғылықты жері бойынша мониторинг жүргізуде. Бүгінге дейін  23 мың 801 адам қатаң бақылауда болды, қазір 23 мың 647 адам мониторингтен шығарылды, ал соңғы 14 күнде келген 789 адам, ауруханаға жатқызылғандардың 165-сі  әлі де  медициналық бақылауда.

20 ақпанда дене қызуы көтерілген және  ЖРВИ белгілері  бар 165 адам ауруханаға жатқызылды. 158 жазылып шықса, 7 науқас стационарларда қалады.  Пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық. 14 күндік стационарлық карантинде болған 524  шетелдік пен қазақстандық тексерілді және карантиннен шығарылды.

Әлемде коронавирустық инфекция  жұқтырған және қайтыс болған адамдардың қатары артуда, сондықтан,  қазақстандықтардың денсаулығы үшін тексеру  және алдын алу шаралары күшейтілді.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам тіркелген жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті, күмәнді аймақтардан келген қазақстандықтарға өзге адамдармен байланысты үзіп,  үй жағдайында карантинді жалғастыруды ұсынады. Бұл Сіздің және Сіздің жақындарыңыздың денсаулығы үшін маңызды. Сұрақтарыңыз болса  және көмек қажет  жағдайда тәулік бойы 1406 Call-орталығы жұмыс істейді.