Қырғызстан делегациясы ҚР ДДСҰ-ның МСАК демонстрациялық платформасында оқудан өтеді

Қырғызстан делегациясы ҚР ДДСҰ-ның МСАК демонстрациялық платформасында оқудан өтеді

Құрметті журналистер!

2022 жылғы 4 қазанда Қазақстанға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің демонстрациялық платформасының алаңында оқудан өту үшін Есік қаласына денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен медициналық ұйымдардың басшыларынан тұратын Қырғызстаннан делегация келеді.

Қырғызстан делегациясының Қазақстанға сапары барысында "МСАК көпсалалы бригадаларын дамытудағы халықаралық үрдістер және Қазақстандағы МСАК реформасының тәжірибесі" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізіледі.

Іс-шара барысында МСАК шеңберінде медициналық қызметтер көрсету жүйелері, МСАК дамытудың басым бағыттары, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетудің халықаралық тәжірибесі егжей-тегжейлі талқыланатын болады.

Сондай-ақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының МСАК-ты қаржыландырудағы тәжірибесін, көптеген бейінді бригадалар мен отбасылық дәрігерлердің функционалдығын талқылау жоспарлануда.

БАҚ-ты аккредиттеу мәселелері бойынша:

  • ДДСҰ МСАК кеңсесінің үйлестірушісі Әсел Джабасова: +7 777 470 43 66
  • Алматы облысы ДСБ-ның баспасөз хатшысы Ләйлім Аубакирова: +7 777 643 77 17