
Денсаулық сақтау министрлігі Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласында Әл-Фараби университетінің кітапханасында денсаулық сақтау жүйесіндегі тіл мамандарының Республикалық форумын өткізді.
Форум шеңберінде денсаулық сақтау жүйесі және тіл мамандарының арасында «Қазақтың ұлттық әдеби тілі» әдеби конкурсы жарияланды, бұл конкурс төр аталым бойынша бағаланды: «Медицина қызметкерінің бір күні, А. Байтұрсынұлының әлемі, Үздік поэтикалық шығарма, Үздік публицистикалық шығарма».
30 қыркүйекте Форумда конкурсқа қатысушылар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды, жалпы осы конкурсқа 50 астам жұмыс ұсынылған болатын.
Одан басқа Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл» мерейтойлық төсбелгісін шығарып, төсбелгімен көп жылдан бері денсаулық сақтау саласында тіл саясатына белсенді қатысып жүрген денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және тіл мамандары марапаттады.
Сонымен қатар Министрлік атынан құрмет грамотасы, алғысхаттар табысталды.
Форум шеберінде медициналық ЖОО-лардың профессорлары, Халықаралық қазақ тілі қоғамының Алматы филиалын төрағасының орынбасары М. Абаған, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтының директоры А. Фазылжан, Әл-Фараби университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессорлары А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап баяндамалар оқыды. Сондай-ақ А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қазақтың ұлы ағартушысының 150 жылдық мерейтойына арнайы шығарылған кітаптарды конкурс жеңімпаздарына табыстады.
Форум соңында денсаулық сақтау саласының мамандары басқа да қоғамдық ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен интеграциялық жұмысты жандандыру мәселесін талқылады.
Форум шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігінің А. Байтұрсынұлы Тіл білімі институтымен ынтымақтастық туралы меморандум жасауы да талқыланды.