
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
Өңір бойынша сапар бағдарламасы облыс әкімімен кездесуден басталып, одан кейін Ана мен бала орталығына, облыстық жедел жәрдем станциясына барумен жалғасады.
Бірінші күн ішінде ведомство басшысы халықпен және азаматтық сектор белсенділерімен есептік кездесулер өткізуді, азаматтарды жеке қабылдауды, Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ үшін брифинг беруді жоспарлап отыр.
Бұдан әрі Ажар Ғиният Талды Орал округінде, Шиелі ауданында бірқатар ауылдық денсаулық сақтау нысандарына баруды жоспарлауда.
Сондай-ақ министрдің сапар бағдарламасында облыстағы Қазақ республикалық лепрозориясына бару да бар.