2020 жылғы 15 ақпандағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

2020 жылғы 15 ақпандағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Мәселен, 2020 жылғы 6 қаңтардан 13 ақпанға дейін елімізге 31 231 адам келді.

6 қаңтар - 11 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде – 31 231 адамды қарап-тексерді.

Бүгінгі күнге дейін ЖРВИ белгілерімен 154 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылды, оның 138 шығарылды, стационарларда медициналық бақылауда 16 адам қалды.

Қазақстан Республикасының 83 эвакуацияланған азаматтарының 12-інде жеңіл дәрежелі ЖРВИ клиникасы жалғасуда, катаралды құбылыстары бар, дене қызуы көтерілмеген.

ҚХР Ухань қаласынан Ресей Федерациясына (Түмен облысы – 3 адам) және Өзбекстан Республикасына (5 адам) эвакуацияланған Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы жоқ, ЖРВИ белгілері мен шағымдары анықталған жоқ.

Сондай-ақ, 2020 жылғы 13 ақпанда сағат 07.00 Алматы қаласындағы халықаралық әуежайға Бейжіңнен келген ұшақ қонды, ішінде 211 жолаушы бар. Барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін кемінде 3 күн мерзімге ауруханаға жеткізілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

Емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бұл орталық жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесін игерген.

Республикада қолдаушы терапия үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар бар, инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған бокстар бар орындар, дәрігерлік және орта медицина персоналы дайындалған.
Бұл жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажет:
- қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- науқас адамдармен байланыста болмауға;
- суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және туындаған сұрақтар бойынша 1406 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталығына қоңырау шалуға болады.