Доктор Ханс Клюге: «Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде дәрігер жетіспейді»

Доктор Ханс Клюге: «Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде дәрігер жетіспейді»

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен  ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры доктор Ханс Клюге Астана медицина университетіне барды. Доктор Ханс Клюге болашақ дәрігерлерге дәріс оқыды. Кездесуді ҚР Денсаулық сақтау министрі ресми ашып берді. 

Ал ДДСҰ ЕӨБ директоры студенттер алдында жаһандық денсаулық, денсаулық сақтау жүйесіндегі қоғамдық денсаулық сақтау қызметкерлерінің рөлі, адами ресурстың болашағы төңірегінде сөз қозғады.

Сонымен, доктор Ханс Клюгенің айтуынша, денсаулық сақтау саласында  адам өміріне, жалпы ел экономикасына қауіп төндіретін жаһандық қатерлер бар.  Мысалы, ауаның ластануы, инфекциялық емес аурулар (ЖИА, рак аурулары, өкпе аурулары), вакцинаға қатысты проблемалар. Әрине, мұның бәрі оңай мәселе емес, бірақ,  адамзат оларды шешуге міндетті.

Доктор Ханс Клюге ДДСҰ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы әлемдік құрылым ретінде өз жұмысын жаңғырту үшін, функцияларын тиімді орындау үшін маңызды реформалар жүргізгені туралы да хабарлады.

Бұл өзгерістер "үш миллиард" мақсатына  қол жеткізуге,  тағы 1 миллиард адамды жаппай денсаулық сақтау қызметтерімен қамтуға, денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай болған  кезде тағы 1 миллиард адамды қорғау; тағы 1 миллиард азаматтың  денсаулығы мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Осы мақсаттарға жету үшін  денсаулық сақтау саласында  кадрлар  шешуші рөл атқарады. Алайда, бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау саласында қызметкерлер, дәрігерлер жетіспейді және жаһанда, өңірлердегі жағдай неғұрлым күрделі болып отыр.

Сондықтан, оқу орындары  кадр даярлау, елдердегі еңбек нарығына, медициналық қызмет көрсетуге жауапты. Бұл орайда денсаулық сақтау және білім беру секторлары арасындағы ынтымақтастық, сондай-ақ медициналық қызметтерді цифрландыру маңызды мәнге ие.  Осы әрекеттер денсаулық сақтаудағы кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, - деді доктор.

Тыңдаушылар дәрістен кейін көтерілген күрделі мәселелерді терең түсіну үшін және талқылау үшін докторға сұрақтар қойды. Кездесу соңында студенттер Х. Клюге мырзаға  мазмұнды баяндамасы  үшін алғыс білдірді.

Ханс Клюге "Астана медицина университетінің құрметті профессоры" атанды.

Астана медицина университетінің ректоры Дайнюс Павалькис те өзі басқарып отырған оқу орнын қысқаша таныстырды және   ДДСҰ ЕӨБ басшысына студенттерге арнайы уақыт бөлінгені үшін алғыс білдірді.