
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Қазақстан халқының тілдері күні және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай мемлекеттік қызметкерлер арасында «Тілдер сөйлейді» интеллектуалды сайысы өтті.
Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік тіл саясаты жетістіктеріне үн қосу, үш тілді меңгерген қызметкерлердің үлгілі имиджін насихаттау, Қазақстан халқының достығы мен бірлігін нығайту.
Сайыс «Білгірлер», «Фразелогизмдердің баламасын тап», «Мақал-мәтелдер сайысы», «Аудармашылар конкурсы», «Мәнерлеп оқу», «Өнерпаздар» деген алты кезеңнен тұрды. Аппарат басшысы Б.Әбділдин сайыс нәтижесін қортындылап, белсенді қатысқандарды алғыс хатпен марапаттады, ал жүлдегерлерді сыйақымен көтермеледі.
Сонымен қатар, 29-30 қыркүйек Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай денсаулық сақтау жүйесіндегі тіл мамандарының республикалық форумы өтетінін атап өтеміз.