А. Ғиният ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту бойынша Президент тапсырмасының орындалуы жөнінде баяндады

А. Ғиният ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту бойынша Президент тапсырмасының орындалуы жөнінде баяндады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айрықша тоқталған «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шаралары жөнінде хабарлады.

Мәселен,  Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында таяудағы екі жыл ішінде шалғайдағы елді мекендерді қоса алғанда барлық ауылды медициналық инфрақұрылыммен қамту, аудандық ауруханаларды көпбейінді медициналық мекемелер деңгейіне дейін жаңғырту, арнаулы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, ауыл халқын скринингпен қамту, ауылдағы медициналық ұйымдар базасында дәріхана пункттерін ашу, кадр мәселесі және ауылдағы медициналық көмекті дамытуға бағытталған басқа да мәселелерді шешу қарастырылған.

Министр Ұлттық жобада кадрлық тапшылықты еңсеру үшін бірнеше шаралар кешені қарастырылғанын  атап өтті.

Ұлттық жобада  ауылдық медұйымдарға медицина мамандарын тарту бойынша бұрын өзінің тиімділігін көрсетіп, оң нәтижелер берген шараларды қолдану жалғасын табады.

Олар:  мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен медициналық мамандықтар бойынша білім алған жастар үш жыл  міндетті жұмыс мерзімін өтеу туралы 2019 жылы күшіне енген норма, 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу  және 1500 АЕК мөлшерінде баспаналы болуға бөлінетін бюджеттік кредит.

Сонымен қатар,ауылдық жерге, аудандық немесе облыстық маңызы бар қалаларға жолдамамен жіберілген медицина және фармацевтика  қызметкерлеріне жергілікті атқарушы органның бюджеті есебінен әлеуметтік қолдау шаралары анықталған. Өңірлік әкімдіктер жас  мамандарға үй беру бойынша жұмысты жалғастырады.

«Осының нәтижесінде 2020-2021 жылы ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарына 1322 түлек жұмысқа орналасты, ол жұмысқа тартылғандардың 94%-ын құрайды. Бұл көрсеткішеке Министрліктің Әкімдіктермен бірлескен жұмысының арқасында жетті»,  – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Бұл ретте министр ауылдарда  мамандарды тұрақты бекітудің маңыздылығын атап өтті. Сондықтан медициналық кадр тапшылығын төмендету мақсатында жергілікті әкімдіктерге ауылға келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге айрықша көңіл бөлгені жөн. 

Одан әрі минстр Мемлекет басшысының  ауыл халқына ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысынан хабардар етті.

Ол биыл денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативі бекітілгенін еске салды.  Оған сәйкес халық саны 50 адамға дейінгі елді мекендерде медициналық көмекті  медицина қызмткері үйде қамтамасыз етеді. Бұрын ауылдарда мұндай мүмкіндік болмаған.

Сондай-ақ халық саны 50-ден 500 адамға дейінгі  елді мекендерде медициналық пункт, ал халық саны 500-ден 1500 адамға дейінгі ауылдарда (бұрын 800-ден 1500-ге дейін) фельдшерлік-акушерлік пункт ашылады.  Ал, халық  саны 1500-ден 5000 адамға дейінгі елді мекендерде (бұрын 1500 - ден 10 000-ға дейін) – дәрігерлік амбулаторийлер,  5000-нан астам халқы бар  ауылдарда алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары пайда болады.

Министр брифинг барысындай айтқанындай, Ұлттық жоба аясында алдағы 2 жылда 650 МСАК объектісінің құрылысы жоспарланып отыр.

Жаңа объектілерді салу нәтижесінде шамамен 1 млн. ауыл халқы алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қосымша қамтылады; алғашқы медициналық-санитарлық көмек (профилактикалық тексерулер, скрининг, ерте анықтау) қолжетімділігі артады,ауыл халқына уақытылы медициналық көмек көрсетуге, асқынулардың алдын алуға  мүмкіндік туады.

«Сонымен қатар Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындау шеңберінде  32 көп бейінді орталық аудандық ауруханаларды жаңарту жұмысы жүргізілетін болады, оның ішінде қолданыстағы 12 нысанды жаңартылад және жаңадан  20 аурухана салынады», – деді министр А.Ғиният брифингте.

Бұл ретте көпбейінді орталық аудандық ауруханаларда қазіргі заманғы медициналық жабдықтары бар кардиологиялық және инсульт орталықтарын, медициналық оңалту, травматология, хирургия, реанимация және қарқынды терапия, триаж жүйесі бар қабылдау бөлмелерін ұйымдастыру қарастырылған. Мәселен, аурханалар КТ, МРТ, ангиографтармен, сараптамалық кластағы Ультра дыбыстық зерттеу, эндоскопиялық, реанимациялық жабдықтармен  т.б. жарақтандырылады.

 «Осы іс-шараларды  табысты іске асыру  ауыл халқына инфаркт, инсульт, жарақат алу және басқа жағдайларда «алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсетуге, қан айналымы жүйесі ауруларының өлім-жітімін (инфаркт, инсульт және т. б.) 20% - ға төмендетуге,  4 млн. астам ауыл халқын ірі қалаларға бармай-ақ сапалы, әрі   жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз етуге ықпал етеді», – деп мәлімдеді министр.

Сонымен қатар, Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге енгізілмеген дәрілердің қолжетімділігін арттыру үшін осы жылғы 7 шілдедегі Халық денсаулығы туралы Кодекске ауылдық денсаулық сақтау нысандары базасында дәріхана пункттерін құру туралы өзгерістер енгізілді, аталған норма ағымдағы жылғы 5 қыркүйектен бастап күшіне енді.

Дәрі-дәрмекпен  4542 ауыл (немесе 80 %) қамтамасыз етілген, ал   1145 елді мекеннің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешілуде. Ағымдағы жылдың соңғы 2 ай аралығында ауылдық елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек жанындағы 8 дәріхана пунктінің 59 дәріханасына лицензиялар және оған қосымшалар берілді.

Сондай-ақ, ауыл халқына скринингтің жетіспейтіндігін ескере отырып, 18 жастан бастап жаңа нысаналы топтарды анықтау арқылы ауыл халқын қамтуды ұлғайту тәсілдері қайта қаралды.

«Бұрын жастар скринингтік тексерулерден тыс қалатын,  ол тек 30 бен 70 аралығындағы адамдарға жүргізілетін.  Енді Ауылдық жерлерде профилактикалық  тексеру жүргізу үшін   нысаналы топтар айқындалды. Олар:  «Балалар» туған кезден бастап 18 жасқа дейін, «Жастар» – 18-ден 29 жасқа дейін, «Еңбек – 1» – 30-дан 44 жасқа дейін, «Еңбек-2»  – 45-тен 65 жасқа дейін  және «Зейнеткер»  – 66 жастан асқандар», - деп атап өтті министр.

Ағымдағы жылғы қыркүйек айының ортасынан бастап ауыл халқына скрининг жасау бойынша пилооттық жоба Қарағанды (Абай ауданының орталық аудандық аурухана), Ақмола (Аршалы орталық аудандық аурухана) және Алматы (Еңбекшіқазақ орталық аудандық аурухана) облыстарында іске қосылады. Кейінірек барлық өңірлерде кезең-кезеңмен енгізіледі.

Министр міндетті медициналық сақтандыру аясында азаматтарға, соның ішінде ауыл тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға айрықша тоқталды.

«Сақтандырылмаған азаматтарды сақтандыру жүйесіне қосу және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға 12 айға алдын ала (36 мың теңге) төлем жасау жолымен норма  енгізілді. Осылайша, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек жарналарды төленген сәттен бастап қолжетімді болады», – деді А. Ғиният.

Бұл норма  2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап күшіне енді. Жаңа төлем механизмін сақтандырылмаған халықтың 30%-ға жуығы қолданады деп күтілуде. Сонымен қатар, борышы жоқ дербес төлеушілер үшін МӘМС-ке ай сайын жарна төлеу құқығы сақталады.

Сөзін қортындылай келе министр А.Ғиният: «Ауыл халқының сапалы және уақтылы медициналық көмекке тең қол жеткізуін қамтамасыз ету   Денсаулық сақтау министрлігі үшін басым мақсат болып табылады және оң нәтижеге жеткенше  жергілікті атқарушы органдармен  және мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс жалғасатын болады» деп мәлімдеді.