АЙМАҚТАҒЫ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР: МЕРКІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ТӘЖІРИБЕСІ

АЙМАҚТАҒЫ ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР: МЕРКІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ТӘЖІРИБЕСІ

Меркі аудандық орталық аураханасында Үздік тәжірибелер орталығын құру медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету тәсілдерін реформалауға  мүмкіндік берді. Нақтырақ айтқанда, аурухана басшылығы барлық денсаулық сақтау  қызметін адам мен оның отбасының мұқтаждықтары төңірегіне ұйымдастыру арқылы медициналық көмек көрсетудің пациентке бейімделген үлгісін жүзеге асыра алды.

Бірінші кезекте Орталық аудандық  аурухана базасында Оспанова Жанар Мықтыбекқызының жетекшілігімен«дәл осы жерде әрі дәл қазір» режимінде пациенттерге кез келген сұрағына жауап алуғ көмектесетін Пациенттерді қолдау қызметі мен Call-орталық белсенді жұмыс істейді.

Пациенттермен қарым-қатынастың мұндай тәсілі тіркеу бөліміне жүктемені азайтып, халықтың қанағаттану деңгейін көтеруге септігін тигізді. Нәтижесінде  медициналық-санитариялық алғашқы көмек уақытылы әрі ұзынсонар кезексіз көрсетіледі.

Орталық аудандық ауруханада халықаралық стандартқа сәйкес  медбикенің дербес қабылдау тәжірибесі енгізілген. Медбике ецепт жазып беру, құжаттарды рәсімдеу, талдауға интерпретациялаудан бөлек, созылмалы аурулары бар науқастарға динамикалық бақылау жүргізеді.

Ауруханада артериялық гипертензия, созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігі, қант диабеті секілді ауруларды басқару бағдарламасы, маманның науқастарды үй аралап қарауының әмбебап-прогрессивті моделі мен шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесі жолға қойылған.

Мәселен, Ауруларды басқару бағдарламасы арқасында созылмалы инфекциялық емес аурулардың асқынуы, инвалидазациясы  31%-дан 14%-ға қысқарды. Сондай-ақ дәрігерлердің шақырту бойынша үй аралуы, 4 санаттағы жәдел жәрдем  63%-дан 7%-ға, шұғыл госпитализация 37%-дан 4%-ға азайды.  Пациенттерді Ауруларды басқару бағдарламасымен қамту деңгейі 73.4% құрады.

Прогрессивті модельді қолдану 5 жасқа дейін балалар арасында жұқпалы аурулар көрсеткішін 38%-дан 17%-ға, 5 жасқа дейін балалар арасындағы өлім-жітімді 25%-дан 10%-ға азайтуға оң ықпал етті. Ал 5 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау көрсеткіші, керісінше, 87%-дан 96%-ға дейін артты.

Сонымен қатар көпсалалық топтар құрылып, жедел жәрдем көрсету бойынша тренинг орталықтары ұйымдастырылды. Онда медицина қызметкерлерді оқытумен қатар, халық ішінен  және басқа да ведомстволарда жұмыс істейтін патруль көлігінің жүргізушісі, полиция, таксист сияқты мамандық иелері арасынан парамедиктер  даярланады.

Тренинг орталығы 12 кабинеттен тұрады, барлық қажетті медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, қосымша көрнекіліктермен және стендтармен жабдықталған.

Бұған қоса, офтольмалог, отоларинголог, хирург, стамотолог, акушер-гинеколог, зертханашы, терапавтке арналған жаңа медициналық құралдармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылған.  ЖМК-да цифрлық флороаппарат/рентген, тасымалданатын УЗИ аппарат бар. Мұның бәрі арнаулы медициналық көмекті шалғай ауылдарда тұратын халыққа неғұрлым жақындатуға мүмкіндік береді.

Орталық аудандық ауруханада профилактика және психологиялық-әлеуметтік көмек бөлімдері, Денсаулық мектебі және USQYN  жастар денсаулық орталығы ашылған. «Ер адамның ұзақ өмір сүруі» жобасы басталған. Жоба аясында дұрыс тамақтану мектебі ұйымдастырылған.

Меркі ауданының орталық ауруханасындағы үздік тәжірибелер орталығы  құрылымында өз жобалық кеңсесі бар  Қазақстандағы жалғыз ҮТО болып табылады. Ол жобаларды қолдау және дамыту ресурс орталығы деп аталады. Бұл – халыққа медициналық-әлеуметтік көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша бастамалар мен  әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға арналған сектораралық және ведомствоаралық алаң.

Қазіргі таңда жобалық кеңседе «Салауатты ауыл», «Ұшқын» жастар денсаулық орталығы, 11 денсаулық мектебі, «Ер адамдардың өмір ұзақтығы», «Дұрыс тамақтану және семіздіктің алдын алу», Қоғамдық мониторинг және кері байланыс механизмі, тренинг орталығы және «Алғашқы 5 минут» сияқты жобалар жүзеге асырылып жатыр.